Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Зерені далаға тастап кетті. Жамбыл облысында бір жасар қыздың анасы іздестіріліп жатыр

Полицейлер үйге қарама-қарсы тұрған дүкендегі бақылау камерасын қарап шығып, видеодан баланы шамамен 30-35 жастағы әйелдің алып келгенін көрген. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіруге және ұстауға қатысты жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып жатыр. Қыз Меркі ауылындағы Орталық аудандық аурухананың балалар бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта қыз дәрігерлердің бақылауында. Баланың денсаулығын қауіп төніп тұрған жоқ.

Осы дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы бойынша (“Қауiптi жағдайда қалдыру”) бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 100 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл төлейді немесе сол көлемде түзету жұмыстарына тартылып не болмаса да 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылып, сондай-ақ, 45 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз