73 жастағы Дональд Трамптың президент сайлауындағы қарсыласы 77 жастағы Джо Байден болады. 78 жастағы Берни Сандерс өзінің кандидатурасынан бас тартты.
Берни Сандерс 2016 жылғы президенттік жарысқа белсенді қатысты, бірақ Джордж Трамптың қарсыласы болған Хиллари Клинтонға жол берді.
Жаңа сайлауға ол барынша егжей-тегжейлі дайындалды: Сандерс уәделерінің бағдарламасы 60 трлн долларға бағаланады, ол бұл сомманы тек 4 жыл ішінде жұмсауды жоспарлап отыр (!) Онда білім беру кредиттерін жауып, білім беруді, денсаулық сақтау мен балабақшаны тегін қылу, жалақыны көтеру және тағы басқа секілді популистік уәделер көп.
Жоспарларды іске асыруға арналған ақшаны (ал олар бюджет шығыстарының екі есе өсуін білдіреді) бизнестен және бай азаматтардан алу жоспарланып отыр. Салықтардың басым бөлігі айтарлықтай өсетіні анық. Мұндай шаралардың болашағы күмәнді, бірақ сайлаушылар мұндайды жақсы көреді.
Джо Байден — Барак Обаманың саясатын жақтаушы, бірақ оның Ресейге қарсы көзқарасы да белгілі. Тәжірибелі саясаткер екі рет президент болуға тырысты, бірақ 1996 жылы да, 2008 жылы да оған қолдау болмады. Сондықтан ол үшін қазіргі науқан үшінші рет (оның вице-президент лауазымына дауысқа түскен екі жарысын есептемегенде). Ал жасын ескерсек бұл соңғысы болатын шығар.
Берни Сандерс тіпті демокарттардың арасында да өте радикалды кандидат, оның көзқарасын партияны жақтаушылардың барлығы бірдей қолдай бермейді. Сайлаушылар да осы көзқараста екені белгілі болды.
3 наурызда өткен «Суперсейсенбі» кезіндегі праймеризде (партияішілік сайлау – ред.) демократтардың съезіне дауыстардың үштен бірі ойнатылды, онда бір кандидатқа таңдау жасалады. 15 штаттың 10-ында Джо Байден жеңіске жетті, алайда бұған дейін кейбір штаттардағы оның жеңу мүмкіндігі 10%-дан да төмен бағаланған еді. Бұдан кейін тағы 10 штатта дауыс беру жүргізілді, оның 8-інде жеңіс Байденнің жағында болды.
Соңғы мәліметтерге байланысты, Сандерс демократтардың съезінде 914 дауыс жинаса, оның оппоненті — 1 217. Демократтар атынан президенттікке кандидат ролінде Байденнің жеңісі 99%-ға бағаланып отырғаны таңғалдырмайды. 8 сәуір күні Берни Сандерс АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысуын тоқтататыны туралы мәлімдеді.
«Мемлекетті дағдарыс жайлап жатқанын біле тұра, ар-ұятты жиып қойып жеңіс алып келмейтін және осындай қиын кезде біз атқаратын жұмыстарға кедергі келтіруі мүмкін кампания жұмысын ары қарай жалғастыра алмаймын», — деді ол.
Сандерс АҚШ-тағы әділеттілік үшін күресін жалғастырамын деп уәде берді. Ол өзінің бағдарламасындағы тегін денсаулық сақтау жүйесі мен жоғары жалақыға қол жеткізу жолында жұмысын бұрынғы кандидат ретінде жалғастырмақ: «Кампаниямыз тоқтаса да, біздің қозғалысымыз ары қарай жалғасын табады». Сандерс Байденді бірге жұмыс істеуге «лайықты адам» деп бағалады.
Байден Сандерстің президенттік жарыстан шығуына жоғары баға берді. Ол бұрынғы бәсекелесін «көрнекті көшбасшы» және елді қайта құру үшін еңбек етіп жүрген ең ықпалды тұлғалардың бірі деп атады. Сонымен қатар, демократардан шыққан қазіргі фаворит Сандерстің жақтаушыларын өзіне дауыс беруге шақырды:
«Бәріміз бірге халықтың хал-ахуалын қалпына келтіріп қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте аламыз. Сіздерді маған қосылуға шақырамын», —деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Дональд Трамп та үнсіз қала алмады. Ол Сандерстің жақтастарын «Енжар Джо»-ға емес, республикашыларға дауыс беруге шақырды. Ақ үйдің басшысы Демократиялық партияда бөлінгені туралы да айтпай тұра алмады. Трамп Сандерс басқа кандидат-демократ-сенатор Элизабет Уоррен үшін науқаннан шықты деп болжады. Элизабет наурыздағы алдын-ала сайлауда оның дауысттарының жартысын тартып алған еді.
«Элизабет Уоррен сізге алғыс білдіремін. Егер ол болмаса, Берни әрбір штатта «суперсейсенбі» кезінде жеңе алар еді, — деп жазды АҚШ президенті Twitter-де.
Жарыстан Сандерстің шығуы 3 қарашада америкалықтар Дональд Трамп — Джо Байден жұбының біреуін президенттікке таңдайды дегенді білдіреді. Екі кандидат та жас емес, сол уақытта Трамп 74 жасқа келеді. Салыстырмалы түрде:
Қазіргі екі кандидаттың жеткілікті саяси тәжірибесі бар болғандықтан шығар, агрессияға толы пікір білдіріп жатқан жоқ. Трамп бастапқыдан Байденді жеңіл қарсылас деп есептесе, Байден өзін екінші скрипка ролінде жақсы сезінентінін айтты.
Бір қызығы қазірде Байденнің рейтингі Трампқа қарағанда жоғары. 5-7 сәуірде өткізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша сұралғандардың 48% -ы демократтарды қолдауға дайын екенін білдірген. Ақ үйдің қазіргі басшысына сауалнамаға қатысушылардың 42%-ы дауыс беретінін айтқан. Қалған 10%-ы әлі таңдау жасамаған.
Қалай болғанда да, бұл аса маңызды емес. Америкалық сайлау жүйесінде ел халқының сені қаншалықты қолдайтыны маңызды емес, бастысы нақты штаттағы сайлаушылардың дауысы.