Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Зейнетақы жинағының 10%-ын мерзімінен бұрын шешіп алу идеясы қолдау таппады

325
Евгений Сейпульник, сурет: БЗЖҚ баспасөз қызметі

Қоғамдық кеңес төрағасы Facebook арқылы қазақстандықтарға зейнетақы шоттарынан ақшаны мерзімінен бұрын алу идеясына баға беруді сұрады. Сондай-ақ ол кейбір есептеулерді де келтірді.

Елге де, адамдарға да көмек болар еді

«Мен салымшылардың  зейнетке шыққаннан бұрын жинақтарының 10%-ы мөлшеріндегі қаржыны іске қосуды ұсынамын», — деп жазды Сейпульник. — «Әр салымшының өзінің шотындағы қаржының 10%-ын мерзімінен бұрын алуы:

  1. шоғырландырылған жинақтарды 1,7 трлн теңгеге азайту;
  2. бюджетке 170 000 000 000 жеке табыс салығы түседі, оны вируспен күреске жіберуге болады;
  3. әрбір салымшыға берілетін орташа жәрдемақыны 42 500 теңгеден 100 000 теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігі;
  4. салымшылардың қор мен Ұлттық Банктің іс-қимылдарына деген сенімін арттыру;
  5. Қордың жаңа жұмыс деңгейіне шығуына мүмкіндік береді.

10 млн салымшының шоттарын есепке алу мен дербестендірудің пысықталған бағдарламалары болған жағдайда, бұл ұсынысты енгізу елеулі проблемаларды тудырмауы тиіс.

Әрбір салымшының жинақтарынан 10% төлеу міндеті емес, оны алу-алмауды өзі шешуі

Бірақ бұл опция біреудің өмірін құтқара алады. Төлем жинақталған қаражаттың мөлшеріне қарамастан, салымшыға тек бір мәрте  мерзімінен бұрын алу құқығы беріледі және ол заңнамалық түрде  бекітіледі. Осылайша, біз барлық салымшыны қамтимыз».

Зейнетақы қаржысына қол сұқпаңдар

Facebook-тің көптеген пайдаланушысы жазба авторын қолдады. Олар қазіргідей дағдарыс кезінде көптеген отбасы үшін тіпті 50 мың теңге де ақша екенін атап өтті.

Евгений Сейпульник Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұсыныс жіберуге дайын болды. Бұл үшін Қоғамдық кеңестің басым бөлігі қолдау білдіруі қажет еді. Алайда, көңіл қуантарлық жаңалық болған жоқ.

Онлайн-режимдегі қызу пікірталастан кейін 18 кеңес мүшесінің 10-ы үзілді-кесілді қарсы болды.

Олардың басты дәлелі — зейнетақы жинақтары салымшының зейнетке шыққан кездегі өмірін қамтамасыз етуге арналған. Болды.

Бұдан басқа, кеңес қатысушылары мерзімінен бұрын алынатын 10% қазақстандықтардың материалдық жағдайын жақсартпайды деп санайды. Егер  шоттағы жинағы шағын болса, оның 10%-ы мүлдем аз соманы құрайды. Бірақ бұл қоғамда мүліктік өлшем бойынша шиеленістің туындауына себеп болады.

Қоғамдық кеңестің кейбір мүшелері қарсы емес, тіпті жағдайы ауыр ауруларды емдеу үшін мерзімінен бұрын алу мүмкіндігіне қос қолдап қолдау білдірді

Бұл мәселе  тұрғын үй сатып алу үшін жинақтарды пайдалану мүмкіндігі беру бастамасы секілді Үкіметтің қарауында жатыр. Көп ұзамай біз қандай шешім қабылданғанын білеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз