Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-13
USD
381
+1.59
EUR
420
+1.26
RUB
6.08
-0.05

Зейнетақы қорынан 170 млрд теңге “Қазақстан Темір Жолына” берілді

685

Қазан айында БЖЗҚ қаражатына 170 млрд теңгеге “Қазақстан Темір Жолы” облигациялары сатып алынды. Мерзімі — 15 жыл, сыйақы мөлшерлемесі — жылына 11,5%. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында ҚТЖ облигацияларына 20 млрд теңге салынды.

Нәтижесінде

ҚТЖ-ның бағалы қағаздары инвестиция көлемі бойынша қор қоржынында үшінші орынға шықты

Бұдан көп қаржы “Халық банкі” және “ҚазАгроға” құйылған.

Дегенмен, қазан айында қордан ақша алған тек ҚТЖ емес:

“ҚР ЕДБ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды несиелеу тетігі аясында жылдық 10,75% кірістілікпен 7,50 млрд теңге сомасына “Альфа-Банк” ЕБ” АҚ және 1,65 млрд теңге сомасына “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ облигациялары сатып алынды”, — делінген Ұлттық Банктің шолуында.

Зейнетақы қоры ВТБ-ға сенбей ме?

Екінші жағынан, “Баспана” ИҰ облигациялары бойынша 10 млрд теңге негізгі қарыз өтелді. Бағалы қағаздар 2018 жылдың қазан айында 8,5%-ға сатып алынды. Сонымен қатар, төрт банкте негізгі қарызды өтеу және мерзімінен бұрын ішінара өтеу жүргізілді:

Нұрбанк — 1,59 млрд теңге;
ЦентрКредит — 567,7 млн;
VTB — 234,9 млн;
KassaNova — 165 млн.

Банк ВТБ депозиттерінен қаражат 8 ай қатарынан шығарылып келеді. Осы уақыт ішінде жалпы көлемі шамамен 1,58 млрд теңгені құрады. Бұл ретте ағымдағы құны 1 қазанға 288,1 млн теңгеге бағаланды. Яғни қараша айының басындағы жағдай бойынша БЖЗҚ қаражаты осы ЕДБ-да іс жүзінде қалған жоқ.

Бір апта ішінде 290 млн теңге

Шетелдік банктердегі депозиттерге қазақстандықтардың жинақтары анағұрлым белсенді жұмсалады. Қазан айында

Bank Of Montreal 80,5 млрд теңге алды,
Bank of Tokyo-Mitsubishi — 38,9 млрд,
Credit Agricole — 19,4 млрд,
HSBC Bank — 6 млрд.

Бұл ретте Ұлттық банк бұл салымдардан ақша табуға оқталмаймыз деп сендіреді.

“Бұл инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару аясында жүзеге асырылады”, — делінген реттеушінің хабарламасында.

Дегенмен, қандай да бір табыс бар. 25 қыркүйекте БЖЗҚ қаражатынан 69,8 млрд теңге DBS Bank-ке жіберілді. 3 қазанда өтеу болды – 70,09 млрд. Осылайша, бір апта ішінде табыс 290 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, қазан айында Bank Of Montreal-дағы салымдар бойынша негізгі борыш 58,3 млрд теңгеге өтелді.

Енді иенде

Зейнетақы қаражаты валютаға да салынады. Қазан айында, мысалы, иен сатып алынды.

“Көлемі 327,0 млн АҚШ доллары болатын USD/JPY валюталық своп мәмілелері 6 айдан 9 айға дейінгі мерзімге “А” және одан жоғары кредиттік рейтингі бар бірқатар ірі халықаралық инвестициялық банктермен жасалды. Бұл мәмілелер зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында нарықтық жағдайларда жасалды. Мәмілелер аясында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне 35,3 млрд жапон иені алынды”, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Еуразиялық Даму Банкі облигациялардың бір бөлігі бойынша негізгі қарызды өтеген: жалпы көлемі шамамен 20 млрд.

Зейнетақы жинақтары Индонезияға жіберілді

Сонымен қатар, өткен айда БЖЗҚ қаражатына жалпы сомасы 9,36 млрд теңгеге Индонезияның қарыз қағаздары сатып алынды. Бұл ретте қор портфелінде осы мемлекеттің 2018 жылдың қаңтарында сатып алынған мемлекеттік қарызы бар.

Кейбір елдердің облигацияларының бір бөлігі сатылды:

Перуге — 5,3 млрд теңге сомаға;
Мексикаға – 9 млрд;
Бразилияға — 7,4 млрд.;
Филиппинге – 3,8 млрд.

Бразилияның мемлекеттік борышына инвестиция 2017 жылы қараша айында салынды, қалған елдерге 2018 жылы. Бұл ретте әрбір елдің мемлекеттік акцияларының 20%-дан кемі сатылды, сондықтан бұл құралға салымдардың көлемі жоғары болып қала береді.

Ресейлік МОҚ-ның сатылымы анағұрлым ауқымды болды. Қазан айында

114,9 млрд теңгеге қағаздар сатылды – бұл қолда бар көлемнің жартысына жуығы

Америкалық мемлекеттік борышпен дәстүрлі операциялар да іске асты. Қазан айында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы бойынша 208,3 млрд теңгеге өтеу болды. Сондай-ақ, жаңа борыштық қағаздар сатып алынды — бұл жолы 1,65%-ға 238,5 млрд теңгеге. Осылайша, бұл құралға инвестициялар өсуде және олардың көлемі 1,1 трлн теңге деңгейінде тұр.

© «365 Info», 2014–2020 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз