Өзбекстанның құқық қорғау органдары Қазақстанға сексуалды эксплуатация үшін қыздар жіберіп отырған қылмыскерді құрықтаған. Осылай деп жергілікті БАҚ жазады.
Бекабад қаласының (Ташкент облысы) 24 жастағы тұрғыны Елена Орлова Өзбекстан бойжеткендерін Қазақстанға заңсыз жіберу жұмыстарын ұйымдастырған. Қыздарды қызмет көрсету саласында жоғары жалақы төлейтін жұмыспен қамтамасыз етеміз деп арбаған. Шын мәнінде шекарадан өткеннен кейін, оларды жезөкшелікке салған.