Түркістан облысының патрульдік полициясы «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында бірнеше көліктің «кортеж» ретінде қозғалғаны бейнеленген видеоға назар аударды. Полиция қызметкерлері видеодан жол қозғалысына кедергі келтірген құқықбұзушыларды анықтады. Нәтижесінде, Сайрам ауданының тұрғындары мінген екі Mercedes-Benz көлігі анықталып, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Жол ережесін бұзып, апатты жағдай тудырғандары үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі уақытта видеода бейнеленген басқа жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда», – делінген хабарламада.