Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Зәкеңе тіл тигізді…”. Мақпал Жүнісова өзіне қатысты видеоның тапсырыспен түсірілгенін айтты

111

https://kaz.365info.kz/zhokh-zhanar-ajzhanova-ajgyl-imanbaevamen-khyda-bolgysy-kelmejtinin-ajtty-329017

Таң алакеуім уақыт. Аяғымды көрсеңіздер, тәпішкемен жүрмін ғой, сол өзіміз тоқтаған қонақүйдің алды. Қарасам, қонаүй алдында үш дәу қара джип тұр, есігін ашып тастапты, музыка даңғырлап жатыр. Жас балалар, ауыздарында боқтық, қолдарында ішімдік.

„Әй, түні бойы ұйқы бермеген сендер екенсіңдер ғой„ дедім мен де қарап тұрмай. „Мақпал апай, сәлеметсіз бе? Келіңіз, бізбен ішіңіз„ деп қаумалай кетті. Танып, құрметтеп жатқан соң олар ұсынған сыраның бөтелкесін қолыма алдым. Сөйтсем қасымдағы Олег байқап үлгеріпті: „Мақпал Мұхамедияровна, сізді түсіріп тұр аналар„ деді.

Солай айтып үлгергенінше болмады, аналар дүрсе қоя берді маған:

https://kaz.365info.kz/soge-zhamandamanyzdar-anshi-ajkhyn-tokhaly-ekeui-bir-satte-zhelide-zhazba-zhariyalady-foto-328998

„Мынау кім, жігітің бе?„ деп дікіңдейді. Закеңді қорлау ғой бұл таза. Кеудемді ашу кернеп кетті, шыдай алмадым. Жер-жебіріне жетіп, айтып салдым.

Содан соң олар менен кешірім сұрап, кетіп қалған.

Бір жылдан соң масқара, Ютубта орысша-қазақша „Мақпал-алқаш„ деген видео пайда болды.

Әрине, тапсырыспен жасалған. Расында, басында жаман болдым. Есім шығып кетті. Елдің бәрі маған хабарласып, не болды деп сұрады. Сөйтіп ақша төлеп бір маманға ол видеоны жойдырдым да. Бірақ араға уақыт салып ол видео Интернетте қайта пайда болды.

https://kaz.365info.kz/zhelide-taragan-hidzhab-kigen-khyzdyn-videosy-zhyrttyn-ashuyna-tidi-video-328973

Қайта жойдырайын десем, мамандар ауыздарын арандай ашады. Көлік бер, үй бер дейді. Жарайды жойдыртам, қайта пайда болса қайтем? Өйтіп банкрот болмаймын ба? Содан мен өле-өлгенше тұра берсін дедім. Бірақ қатты қорқатын болдым содан бері. Тіпті, душқа кірсем де жан-жағымды қарап аламын алдымен, құдды біреу жасырын карема тығып қойған секілді. Сұмдық болды, бұл„ – дейді Мақпал Жүнісова.

https://kaz.365info.kz/aty-dina-ystykhkolde-demalgan-khazakh-khyzy-22-stakhan-arakhty-kirpik-khakhpaj-siltej-saldy-video-328981

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз