Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ұзынағашта төтенше жағдай жарияланды

Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.

“Сағат 20:00 шамасында жеке құрамның күшімен Қонаев көшесіндегі үш үйдің тұрғындары көшірілді. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге 90-нан астам әскери қызметкер және 10 техника бөлінді”, — деп жазылған Ұлттық гвардияның хабарламасында.

Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері ауылдағы жұмысты жалғастыруда: арықтарды тазалап, құм салынған қаптардан бөгет жасап, ауыл тұрғындарына үйдің ауласынан еріген қар суын шығаруға көмектестіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз