Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Бес көше үшін дүр сілкінді. Ұят жоқ, қызылжарлықтар қазақ атауына қарсы шықты

311

Сол секілді Сенная 5 көшесін Қазбек Байболовтың атымен алмастырмақпыз. КСРО-ның спорт шебері, хоккейші Байболов өзінің спорттық карьерасын осы қаладан бастаған. Ал Явленскоені Қожаберген жырау даңғылы деп атасақ па дейміз», – дейді Әлия Бейсенова деп хабарлады BNews.kz.

Бұдан кейін сөз алған қаланың құрметті азаматы, агроном Равиль Рязапов көше аттарын өзгертуге түбегейлі қарсы екенін мәлімдеді.

«Қаланың өз тарихы бар. Көшенің барлығын шетінен өзгертуге мен қарсымын. Осыған дейін болғанын да, қазіргі барын да»

– дейді Рязапов көке.

Бірақ тарихтан ол кісі факті келтірмеді. Өйтсе, оның қай тарихқа көңілі бұрып тұрғаны баршаға аян болып қалады ғой.

Дегенмен жергілікті мәслихат депутаты Павел Афанасьев тарихтың иісі сезілмейтін бұрынғы көше атауларын жіпке тізіп шығып, оны өзгерту керек екенін баса айтты.

«Қаламызда ондай көше көп қой. Мысалы, Сакко мен Ванцетти, Клара Цеткин, Володарский, Халтурин. Бұл біздің қаланың, біздің өңірдің адамдары емес. Егер картаға үңілсеңіздер, Сенных деген бірнеше көшені тауып алуға болады. Кирпичный деген 6 көше, Линия деген 4 көше бар.

Депутаттар қала тарихы үшін маңызды көше атауларына тиіскелі жатқан жоқ. Мысалы, Интернациональная, Мир, Партизанская. Оларға тиісуге болмайды.

Оған көп қаржы да кетпейді. шығынданатын қалалық бюджет пен бірнеше ұйым ғана” – деді депутат.

Көше аттарын ауыстыруға кеткен шығынды басқа жаққа неге жұмсайды деген де уәждер де бар. Сөйтсек, бұл сондай үлкен шығын да емес екен.

Явленское даңғылы атауын өзгертуге «Радуга» компаниясының өкілі Максим Большедворов қарсы шықты.

«Көшені өзгертсе, өнім өндіруші кәсіпкерлер миллиондаған шығынға батады. Мысалы, Явленское даңғылында біз секілді ірі фирмалардың кеңсесі орналасқан. Біз шығарған өнім қорабы сыртына өндіруші кәсіпорын мен оның мекен-жайын жазуымыз керек. Ал қорап өндірісі үшін біз флексоформаны Ресейден алдын ала тапсырыспен алдыртамыз. Оның біреуі 150 мың рубль тұрады.

Демек, көше атауы өзгерсе біз флексоформаның барлығын өзгертуіміз керек болады. Оған 10-15 миллион теңге шығындануға тура келеді. Оған қоса қазірдің өзінде 20 миллион теңгенің мекен-жай көрсетілген дайын қораптарымыз бар” – дейді кәсіпкер өзінің уәжінде.

Көше өзгергенмен, тап қазір оған қораптағы мекен-жайды өзгерт деп жатқан ешкім жоқ қой. Бала секілді күлкіні келтіреді. Ал ескі атауда оған құжаттар келсе, қала үлкен емес, мұнда көше түгілі адамдар бір-бірін жақсы таниды, бірден тауып алады. Бұл да бір қисынға келмейтін мысал секілді.

Көше атауына кәмелетке толмаған мектеп оқушысының не қатысы бар деңізші. Дегенмен қоғамдық тыңдалымда әлгі кәсіпкерді мектеп оқушысы Виктория Степина деген қолдай кетіпті. Оның айтуынша, этномәдениеттану бойынша ғылыми жұмыс әзірлеп жатқан көрінеді. Ол ескі көшелердің атауының арқасында тарихты біліп, ұғына алыпты.

Сөйте келе оқушы қыз Елбасының тарихты мәңгі жадыда сақтау керек деген сөзін мысалға келтіруді ұмытпапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз