Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылжарда адамдарды телефон мен интернет арқылы тонайтын алаяқтар іздестіріліп жатыр

112

Петропавлда бірнеше алаяқтық әрекет тіркелді, қос жағдайда да зардап шегушілерге қаскөй тек телефон арқылы хабарласып, интернетпен байланысқа шыққан, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Петропавл тұрғынының телефонына үлкен телевизор ұтып алдыңыз деген SMS-хабарлама келген. Құттықтаудан тыс хабарлама мәтінінде бәйгені ұйымдастырған компания сайтына сілтеме жасалады. Қыз сайтты жіті зерттеп, онда көрсетілген телефонға хабарласқан. Тұтқаны көтерге ер адам оның телефоны жүлдегерлер қатарынан табылғанын, ұтысы барын қоңыр әдемі дауыспен жеткізеді. Одан кейін үлкен теледидардан тыс көлік ұтып алуға да мүмкіндігіңіз бар деп айтуды ол ұмытпаған. Бірақ ол үшін ұялы байланысқа 5000 теңге құятын кәртішкені сатып алып, нөмірін бізге телефон арқылы айтсаңыз болғаны деген.

Оңай олжаға еліткен қыз 5000 теңге бірлік аударады, одан кейін телефонның арғы жағындағылар бәске тігілген көліктің салығын алдын ала төлеу қажеттігін айтады. Сөйтіп ол өзіне берілген банктің реквизитіне 66 мың теңге аударып, жүлде қорытындысын 3 күн күтеді. Алайда осыған дейін безектеген телефонында үн жоқ, ал байқау ұйымдастырды деген сайт бұғатталып қалған. Ақырында өзінің алаяқтардың тырнағына ілінгенін түсінген қыз полицияға шағым түсірген. Сөйтсе осы мағынада шағымданушы ол өзі жалғыз емес екен.

«Қала мен облыстың барлық тұрғындарына өзінің жақын-жамағайына мұндай алаяқтардың құрбаны болып қалмау керектігін құлағдар етсеңіздер деп ескертеміз. Мұндай жағдайда барлығына күмәнмен қарау керек екеніне кеңес береміз. Бірден полиция бөлімшесіне хабардар етіңіздер. Біз қазір бұл алаяқтарды іздестіріп жатырмыз„ деді Петропавл қаласы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Анатолий Мурзыканов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз