Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қызылордада қыз алып қашудың арты өліммен аяқталды. Жігіт 10 жылға сотталды

Сотта жігіт пен қыздың 9 жылдан бері таныс екені, олардың жақын араласқаны анықталды. Жігіт үнемі қызды қызғанып жүрген. Оны ұрғаны үшін де бірнеше рет жауапқа тартылды. Ол кейін құрбысынан сұрап, оның қайда барғанын, кіммен жүргенін тексеріп жүрген.

Бір күні қыздың жұмысында тексеріс жүріп ол түнге дейін сонда болуына тура келеді.

Ертесі екі күн бойы жігіт оның өзін алдағанын айтып хаттар жіберіп қорқытқан. Үшінші күні оны жұмысынан соң көлігіне отырғызып алып, күштеп алып кетеді. Қыз кейін алған жарақатынан көз жұмды.

Соттың бұлтартпас шешімі бойынша айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасына қатаң ұстау абақтысында өтейтін болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз