Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Үздік әйел рөлі үшін жүлде алған Самал Есләмова журналист болғысы келген (видео)

189

Енді міне, оның сомдаған басты рөліне Канн фестивалінде әлемдік кино майталмандарының өздері аяқтарынан тік тұрып қол шапалақтады.

Шымкенттің тумасы, режиссер Сергей Дворцевой мен Самал Есләмованың бұл Канндағы екінші жеңісі. Осыдан он жыл бұрын Самал басты рөлді ойнаған «Тюльпан» фильмі де бір аталым бойынша жеңімпаз атанған еді. Араға он жыл салып мұндай құрметке оның «Айка» атты туындысы да лайық деп танылды.

 

https://kaz.365info.kz/khazakhstandykh-aktrisa-kann-festivalinde-yzdik-ajel-roli-yshin-zhylde-aldy-315763

Самал онда Мәскеуге келген гасторбайтер қырғыз қызын сомдайды. Жат елде баласын босанған кейіпкердің тағдыры қазылар алқасын бейжай қалдырмады. Бірден «Ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша бас жүлдені берді. 34 жастағы Самал Есләмова Солтүстік Қазақстандағы Аралағаш ауылында туып өскен.

Мектеп бітірген соң әкесі оны қалаға журналистика факультетіне түсіруге әкелген екен. Жолы болмай, жергілікті театрға бас сұққан. Кейін Самал Мәскеудегі ГИТИС-ты тәмамдап, режиссер Сергей Дворцевоймен жұмыс істей бастайды. Оның ата- анасы Петропавл қаласына бір бөлмелі пәтерге ауылдан жуырда көшіп келген.

 

https://kaz.365info.kz/bynyn-yyat-endi-taksi-tokhtatpakh-bolgan-altynaj-zhorabaeva-zhelini-shulatty-video-316009

Бақыттан басы айналған Ілияс пен Гүлмайраны көрші-қолаңмен бірге облыс атқамінерлері де құттықтады.

“Ел-жұртымыз қуанып жатқанда , бүкіл халқымызға ризамыз. Біздің ғана қызымыз емес, осы облыстың районның, Аралағаштың қызы. Сондықтан біз қуаныштымыз. Бүкіл жұртқа ризамыз”,дейді Ілияс Есләмов, Самал Есләмованың әкесі.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз