Түркияның Адана провинциясындағы қыздар жатақханасында өрт шықты. Салдарынан 11 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты. Тағы 22 оқушы жараланды. Бұл туралы Ntv Haber хабарлайды.
Кейбірі иіс тиіп уланса, енді бірі өрт кезінде терезеден секіріп, жапа шеккен. Отқа оранған 3 қабатты ғимаратта жағдайы төмен отбасылардың балалары тұрып жатқан. Ал оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша оған тоқтың тұйықталуы себеп болуы мүмкін.