Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Ұятсыз дей берсін!”. Баян сүймесе де күйеуімен тұра беретін әйелдерді сөкті

Алайда Баянның ғашығының өз сүйіктісі болған. Бір жағынан өзінен едәуір кіші қызды “бала” санаған. Сол оқиғадан кейін Мақсатқызы “ешқашан ешкімді жақсы көрмеймін, ерлер мені сүйсін” деп өзіне серт бергенін айтады.

Тұрсынғали Алагөзовті кездестіргенге дейін Мақсатқызы ешкімді сүймегенін ашып айтты.

 

https://kaz.365info.kz/zhatpas-byryn-bayan-makhsatkhyzy-khyz-kelinshekterge-neni-uagyzdap-zhyrgenin-bilesiz-be-295189

 

Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында Баян Тұрсеннің (авт. Баянның атауы бойыншы) махаббатына сенімді екенін мәлімдеді.

“46 жастағы адам өз өмірін 180 градусқа өзгертті. Ол бәрін тастап, кері бұрылды да кетті. Осы ісі арқылы ол маған деген көзқарасы мен сезімін көрсетті деп ойлаймын.Ер азаматта күдік болса, ол кері қайтуға бір жол қалдырады. Бірақ ол қалдырмады. Жай ғана кетіп қалды. Таңнан кешке дейін “Мен сені сүйемін” деп айта беруге болады.

Бірақ сен не істедің? Ол өз артынан есікті жапты, 30 жылдық өмірінен баз кешті. Сондықтан да бұл жалған махаббат деп ойламаймын”, – дейді Мақсатқызы.

 

https://kaz.365info.kz/zhanynda-zhalanash-bayan-tyrsyn-alagozov-yyatsyz-video-zhariyalady-296470

 

Алагөзованың айтуынша, біздің қоғамда әйелдер ерін сүймесе де, онымен өмір сүре береді. Себебі жұрттың сөзінен қорқады.

“Көпшілік махаббат үшін отбасыңды тастап кеткен ұят деп санайды. Бірақ сен бұл өмірге жалғыз келесің және жалғыз кетесің. Өміріңді де өзің сүресің. Балаларыңа өмір сыйлауың мүмкін, туған-туыстарыңа, қоғамға жағыну үшін өмір сүруің мүмкін.

Ұят деп өзіңді ұмытуың мүмкін. Көптеген әйелдер солай өмір сүреді. Сырттай жақсы көріп, өзі қиналып, қаншама түнді жылап өткізуі мүмкін.

Ал мен сол “ұяттың” шеңберінен шығып кеткендіктен, қоғамның наразылығына ұшырадым. Ол менің батылдығымнан емес. Мен тек бұрынғыдай өмір сүре алмайтынымды түсіндім”, – деп түсіндірді продюсер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз