Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ұят жоқ”. Головкин-Альварес айқасына билет сатқандар ақшаны кері қайтарды

Бұған дейін, 17 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін Головкин-Альварес айқасы Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында көрсетілетіндігі және оған кіру ақылы болатындығы хабарланған еді. Билеттер құны 500 бен 3 000 теңге аралығында белгіленген-ді. Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, билет сатып алғандардың барлығына ақшалары қайтарылып, Бокс орталығында жекпе-жек тегін көрсетілетін болады.

«Мұндай шешім Қарағанды қаласының Ішкі істер басқармасына «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан шағым түскен соң қабылданды. Себебі жекпе-жекті ақылы түрде көрсетуге тек олардың ғана құқы бар», – деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Еске салайық, қарағандылықтар өз жерлестерінің жекпе-жегін қаланың әр жерінде орнатылған үлкен LED-экрандардан тамашалай алады. Тікелей трансляциялар үш жерде – Кеншілер мәдениет сарайының алдындағы алаңда, Жаңа Майқұдық шағынауданындағы Мәдениет үйінің алдында және Достық үйінің алдында ұйымдастырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз