Қазақ әндерінің жыл сайын өткізілетін фестивалі – “Gakku Дауысы” биыл ерекше өтіп, оған келушілер саны да бірнеше есеге артқан.
Оған басты себептің бірі – фестивалдің жабылу салтанатына халықаралық деңгейдегі әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуы болды. Өйткені әншінің әлемнің түкпір-түкпіріндегі фанаттары кеше кешкісін Алматыда өткен осы фестивальге жиналды.
https://kaz.365info.kz/khytajlardyn-esi-shykhty-dimash-tagy-zhardy-video-279484
Фестиваль Gakku телеарнасынан тікелей эфирде берілді. Сондықтан болар, олқылықтарға мұнда жол беріліп жатты.
Тікелей трансляция кезінде Димаштың орындауындағы әндер экранның төменгі жағындағы жүгіртпе жолда қате-қате боп кетті. Мәселен, Димаш, ең бірінші топ жігітпен сахнаға шығып, би билеп, Майкл Джексонның әнін орындағанда титрда “Дайдидауды орындайды” деп шықты. Ал “Дайдидауды” орындағанда “Махаббат бер маған!” деген жазу шығып, әбден шатасып, быт-шыт болды. Ал “Көркемім” әнін орындағанда ол титрға “Көркем” деп шықты.
https://kaz.365info.kz/fanattardyn-biri-dimashtyn-erekshe-anshi-ekenin-daleldejtin-video-zhariyalady-279990
Соған қарағанда бұл фестивальді ұйымдастырушылар, содан соң техникалық жағында отырғандар қазақшадан мүлде “қақпайтын” сияқты. Не де болса әбден ұят болды. Әлем елдері жерге аяғын тигізбей, ұлықтап жатқан ұлымыздың абыройын осылай төге салдық.
Димаштың одан бір жері кеміп қалмайды, әрине. Ол өзінің биік тұғырында қала береді, солай болсын лайым! Бұл, ең алдымен қазақтарға ұят. Осындай салтанатты шараны ұйымдастыруға оларды жолатпай, өзгеге тізгінді беріп қойғандарға ұят…
https://www.youtube.com/watch?v=jrTsWQSgisE