Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Ұят-ай…”. “Тамаша” деген канал ашылды деп бекер мәз болыппыз

111

На данном изображении может находиться: 1 человек

Теледидарда бір қызбен болған сұхбатты көрсетіп жатыр екен, «Бұл кім?» – деп едім, студент кездегі бір танысымыз отыр еді: «Бұл – пәленше деген әртіс. Сен жоғары білімді адамсың, неге танымайсың, ұят емес пе?» – деп мені біраз жерге апарып тастады.

https://kaz.365info.kz/al-dajyndal-ykimet-sanktsiya-saldarynan-inflyatsiya-kyrt-osedi-330380

Менің танымағаным ұят болатындай ол Аристотель ме екен, Абай ма екен? Қызық. Өмірлері тойда өтіп жатқан адамдар ғой.

Одан қалса телевизор бар, күні-түні концерт қойып жатқан. Саналарын әбден әртістер жаулап алған.

Телефонынан ана әртіспен де, мына әртіспен түскен суреттерін көрсетіп мақтанып отыр еді. Көп адамның өмірінің мәні де, сәні де, әңгімелері де, көргені де, білгені де, той, тамада, әртіс болып кеткен.

Аптаның аяғында болатын еді той деген.

Қазір жазда той жасауға орын жоқ ресторандарда, тіпті дүйсенбіде де жасай беретін болды.

Ана жақта той сәрсенбіде басталады екен, естуімше, ұлы көш содан аптаның аяғына дейін жалғасатын көрінеді. Үйлену тойларын былай қойғанда, біреудің елу, біреудің елу бес, біреудің алпыс, алпыс бес, жетпіс, жетпіс бес, сексен солай кете береді.

https://kaz.365info.kz/myndagy-zhagdaj-bylaj-koreyada-zhymys-istep-zhyrgen-ajgerimnin-angimesi-330271

Одан басқа қоныс тойы, әке-шешелерінің мерейтойлары, алтын, күміс, қола тойлары, балаларының, немерелерінің шілдехана, тұсаукесер, сүндеттой, тілашар, т.б. толып жатыр. Әрине, сәрсенбіден бастамаса үлгермейді ғой бәріне.

«Білім» деген канал бар еді бір жылдары Қазақстан мемлекетінде, кейін мәдениетпен қосылды, одан мүлдем жабылды-ау деймін. Бізге білім не керек? «Неге жабылды екен?» – десем, «Ол жерде әншілер өлең айтпайды, сол үшін жабылды» – дейді КазГУ-де істейтін қутілді бір әріптесім.

Соңғы үш-төрт күн Фейсбукта бәрі «Тамаша» деген канал ашылды деп, мәз-мәйрам болып, бастық болып тағайындалған адамды құттықтап жатыр. Ол қуанатын нәрсе емес, жылау керек қой. Арзан күлкі мен мағынасыз ән аз ба еді? «Гәкку» бар, «Хит тв» бар, «Той думан» қосылды оларға, басқа арналардың аты басқа болғанымен, заты негізінен ойын-күлкі.

https://kaz.365info.kz/zhagdaj-bylaj-bolady-prezidenttin-ne-ojlastyrgany-bar-eken-330020

Осылардың нәтижесі ғой бірінші қыркүйекте мектепке әртіс шақыртып, ән салдыртып жүргеніміз, осы желідегі Жансерік Керей деген қолданушы айтқандай, «Алғашқы қоңырау мен соңғы қоңырауды енді тамадалар жүргізетін шығар».

Бірте-бірте: «Білім және ғылым министрлігінің керегі жоқ, мәдениетке қосайық» – деп, кейін: «Екеуінің де керегі жоқ бізге, жабайық» – деген ұсыныстар айтылса, таң қалатын адам да табылмайтын шығар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз