Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ұят-ай…”. Қазақстанда атақ-марапатты да сатып алуға болады

965

Сатылады екен. Атақ та, марапат та сатылады екен. Біреулер бұдан бизнес жасап отыр.

Атақты арасында 2 миллион 500 мың теңге тұратыны да бар.

“Қаласаңыз, тауарыңызға «Сапа жұлдызы – 2018» логотипін, мекемеңізге «Қазақстанның ең үздік кәсіпорны – 2018» атауын немесе өзіңізге алтынмен апталған «Қазақстанның мақтанышы» орденін ала аласыз. «Үздік маман – 2018» сертификатының иегері атану да қиын емес екен”, – дейді Замана.

Бұл атақтарды «Сапа жұлдызы» тауар мен қызмет сапасының Ұлттық рейтингі» деп аталатын компания береді екен. Алматы қаласында орналасқан коммерциялық ұйымның бұл бағытта жұмыс істеп келе жат­қанына 9 жылға таяп қалыпты.

Сорақысы…

осы аралықта одан 10 мыңнан астам ұйым осындай атақ түрлерін сатып алған.

 

Өзін осы мекеменің кеңесшісі деп таныстырған Екатеринаның айтуынша, марапаттау үш деңгейдегі бағдарлама бойынша жүргізіледі.

Олардың бір-бірінен анау айтқандай айырмашылығы жоқ. Бірінші бағдарлама бойынша жоғарыда аталған атақтар 259 мың теңгеге беріледі.

Онда бес түрлі атау бар. Екінші бағдарлама бойынша «Сапа жұлдызы» атағын алтын жалатылған барқытпен қоса береді.

Сонымен қатар онда «Ең үздік бухгалтер» деген атақ бар. Сондықтан оның құны – 282 мың теңге.

Ал VІP-комплект саналатын үшінші бағдарлама бойынша атақты болу ақысы – 623 мың 100 теңге. Онда жеті түрлі марапат бар.

Олар – «Сапа жұлдызы – 2018» логотипіне қоса ағаш қорапшаға алтын жалатқан осы белгі, басшыға «Жыл басшысы – 2018» және «Қазақстанның мақтанышы» атағы, екі маманға сертификат, бухгалтерге орден.

Иманын сатқан «имамдар»

Ал ендеше…

Айттық, қой мәселе ақшада деп. Ақшаны аударсаңыз жетіп жатыр. Әлгі Екатеринаның айтуынша, ақшаны аударғаннан кейін келер жылғы ақпанның соңында марапат курьер арқылы есігіңізді қағып тұрады.

Яғни салтанатты сарайдағы әсем әуенмен жарыса жарқыраған отшашу, жалынды сөздермен сахна төріне шақыру, сатып алған марапатыңызды жұрт алдында табыстау деген болмайды.

Екатеринаның айтуынша, атақ алғысы келетіндердің санында есеп жоқ екен.  Жылына 200-ден 500-ге дейін адам «үздік маман» немесе “үздік басшы” болатынға ұқсайды.

«Компания өкілдері елдегі қандай да бір кәсіппен айналысатын адамдар, мекеме, кәсіпорын туралы деректерді Статистика коми­тетінің сайтынан алады. Ешқандай да заң бұзушылық жоқ. Өйткені ол – ашық база. Сол жақтағы деректер бойынша біздегі комиссия мү­ше­лері табысы тұрақты, кірісі жылдан-жылға артып келе жатқан меке­мелерді іріктейді. Марапатқа лайық дегендер балдық жүйемен есеп­теледі. Сосын оларға шақыру жібе­ріледі.

Соңынан атақ аламын дегендермен келісім-шарт түзіліп, марапаты көктемге қарай курьер ар­қылы жеткізіледі.

Ал VІP қызмет түрін алушылардың суреттері мен аты-жөндері біздің сайтта жарияланады”, – дейді Екатерина.

Түсінгеніміз, үздіктер шын жарыста іріктелмейді екен. Атақты сатып алатын ақшаң болса, сен үздіксің. Дарының мен қабілетің ақшамен ғана өлшенеді. Бұл біздегідей қоғамға тән де шығар…

Оразалиннің руластары «жазушы» деген куәлік алып, Одаққа мүше боп кетті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз