Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ұят-ай. “Канело” Головкинмен болатын реванш алдында допингпен ұсталды

Бұл ақпаратты Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы да растап, ресми ақпарат баспасөзге тарап кетті.

Альварестің ағзасынан аздаған мөлшерде кленбутерол табылыпты.

Бұл дәрі адамның бұлшық етін өсіріп, майын жоюға көмектеседі. Спорттан тыс салада ол мал шаруашылығында қолданылады.

Golden Boy мәлімдемесінде кленбутерол “Канелоныңағзасына жеген етпен бірге түсуі мүмкін екені айтылуда. Соңғы кездері мексикалық он-шақты спортшыдан осы кленбутерол дәрісі табылған екен.

Соған қарағанда, “Канелодан” кінә жоқ секілді. Өйткені Альварес өзінің соңғы 12 жекпе-жегінің алдында міндетті түрде допинг-тест жасалуын талап етіп келген, әрі бұған дейін оның бойынан ешқандай допинг іздері табылмаған.

Головкин – Альварес арасындағы екінші кездесу мамырдың 5-і күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған.

https://kaz.365info.kz/najman-zhigitteri-khuatty-keledi-eken-ekspony-sekspo-zhasagan-eki-ajeldin-angimesi-271111

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз