Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Южандар алып қашқыш!”. Семейлік келіншек оңтүстіктің дәстүрін сынап тастады

432

Семейлік Әлия есімді бойжеткен оңтүстікте жиі ұшырасатын “алып қашу” дәстүрін сынап тастады. Өзін де бір кездері жолдасы алып қашқан ол, шығыста аталған ғұрыпқа тек қыздың келісімімен ғана жол берілетінін айтты.

“Жолдасыммен университетте оқып жүрген кезімде таныстым. Оқу орнын тәмамдамай жатып, үйленуге бел будық. Бірақ, ол да жас менің де балалығым басым, алып қашуды қызық көрдік. Сөйтіп екеуара келісіп, мені достарымен бірге алып қашты. Әрине, ата-анам алғашында ренжіпті кейін бәрін кешірді. Ол ісіме өкінбеймін де, бірақ құрбым Бағым Шымкенттің жігіті алып қашқан кезде, жаныма қатты батты. Бірге өстік, мен Семейге, ол Алматыға оқуға аттанған еді. Сол жақта топтастарының бірінің тойына барамын деп, Шымкенттің жігіті алып қашыпты. Құрбым танымайтын жерде қалмаймын, бейтаныс жігітке тұрмысқа шықпаймын деп қанша көнбесе де, ондағылар қоярда-қоймай алып қалыпты” , – дейді жас ана.
https://kaz.365info.kz/zhiberinder-alyp-khashkhan-khyzdyn-bakhyrgan-dauysy-zhyrttyn-zhanyn-auyrtty-video-304570
Әлияның айтуынша,

Шымкенттегі дәстүр республиканың өзге өңірлеріне қарағанда тым қатал екен.

“Жылап, үйден кетемін дей бергенінде, үйдің үлкен әжесі орамалын жерге тастап, “кетсең мені аттап кетесің не өмір бойы ұрым-бұтағыңмен қоса бақытсыз боласың” деп айтапаған сөзді айтыпты. Әлгіндей тағдырды кім басына тілейді дейсіз? Ақыры сол жақта қалды. Тойына да бардық, пойыздан таңертен түсе сала, ауылдарына кіре бергенде, таңғалдық. Әр үйдің келіні таң атпай, үй ауласын сыпырып, жанталасып жатыр.
https://kaz.365info.kz/bir-bolmege-kirgizipti-alyp-khashudyn-arty-tragediyamen-ayakhtaldy-video-319741
Құрбыма да дәл солай істеуге тура келді. Қазір әрине қиындықтың бәрі артта қалды, басқа түскен соң адам бәріне көнеді екен. Екі баласы бар, сол балапандарының бақыты үшін, қалды сол жақта.

Әрине, ешкімді жамандағаным емес бірақ олай алып қашып, қызды зорлықпен үйге кіргізу барып тұрған ақымақтық, дөрекілік деп білемін. Біздің жақта ондай анайылыққа бармайды.

Алып қашудың мұндай дәстүрі жалпы келінге қатал қарау оларға көрші өзбектерден келген деп ойлаймын. Кім біледі, жастар қазір оқыған, бара-бара мұндай “ескіліктің” де көлеңкісі артта қалатын шығар”, – деп әңгімесін аяқтады келіншек.
https://kaz.365info.kz/o-sheshen-shymkenttikterdi-mazakhtamaj-tynysh-zhyrinder-273095

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз