Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Юрий Лужковтың Елбасымен не себепті кездескені белгілі болды

Оның сөзіне қарағанда,

бұл арада Каспий теңізінің солтүстігінен бастау алып, Маңғышлақ жартылай аралының түбінен өтетін шамамен 200 шақырымдық ірі су құбырының құрылысы туралы сөз болып отыр.

Лужковтың айтуынша, кеңес заманы кезінде ол арада атом су тұщытқыш қондырғысы орнатылған екен, бірақ ол аз су береді, онда да ішуге арналатын суды.

“Жоба ауқымды, 2 миллиард доллардың жобасы. Бұл Қазақстанның батыс өңірінің дамуына серпін беретін ондаған жылдарды алуы мүмкін. Бұл өңірде су жоқтың қасы екені белгілі, – дейді ол. Оның сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстанға да су жетіп, бұл ауылшаруашылығы, демалыс орындары секілді бизнестің қанат жаюына серпін берер еді.

Лужков бұл жобаға ақша салуға дайын инвесторлар барын да айтты.

“Біз бұл жобаны зерттеп, ақша салуға құлық танытқан банктік жүйені таптық. Оның қайтарымы – судың ақысы” деген Лужков бұл арада Қазақстан емес, халықаралық банк туралы сөз болып отырғанын меңзеді.

Ал бұл жобаға өзінің қатысы қандай екенін Лужков мырза былайша түсіндірген:

“Ұйымдастырушылық және техникалық жағын орындауды өз мойнымызға алмақпыз, онда да ең алдымен, Қазақстанда өндірілетін құрал-жабдықтарды тұтынамыз. Ресей де осындай жобаларды қолға алса, одан еш ұтылмас еді” .

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз