Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қытайда тұратын зейнеткер өмір бойы жинаған ақшасын итіне мұраға қалдырды

Қарияның жалғыз ұлы 6 жасында көлік апатынан көз жұмған екен. Одан кейін әйелі ауруға шалдығып, көп ұзамай қайтыс болған. Содан кейін Ван Цзюньу өзіне серік қып, күшік асырап алған.

„Соңғы кездері менің денсаулығым сыр беріп жүр. Менің итім – менің бас қайғым„ – дейді зейнеткер.

Қарияның жүрегі бірнеше рет ұстап қалыпты. Сондықтан ол өзі дүниеден өткен соң итінің жақсы өмір сүретініне көз жеткізіп алмақ болады.

Өткен жылы ол кісі итін жоғалтып алыпты. Бірақ көршілерінің көмегімен итті тауыпты.

„Содан бері оны бір сәтке көзімнен таса еткен емеспін. Әдайым менімен бірге жүреді, маған да ешкімді жолатпайды„ – дейді ол.

Ит те үй иесіне адал, әрдайым қарттың жанынан шықпайды, қасына бейсауат адамдарды жолатпайды.

Қаңғыбас иттерді қабылдайтын орын қарттың итіне қамқор болуға уәде берді, бірақ олар зейнеткердің ақшасынан бас тартқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз