Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Қытайда «G20» саммиті аяқталды

Қытай мен АҚШ ауаны ең көп ластайтын екі ірі мемлекет. Әлемдегі ауаға таралатын зиянды заттың 40 пайызы осы екі елден шығады екен. Париж келісімі мемлекеттер арасында ауаға таралатын газды төмендетуді міндеттейді. Ауаға шығарылатын зиянды газдың 55 пайызына жауапты 55 ел толық ратификациялағаннан кейін барып Париж келісімі күшіне енеді.

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен Барак Обама Сирия мен Украина шығысындағы жанжалды реттеу мәселелерін талқылады. Бір жарым сағатқа созылған екі ел президентінің кездесулері нақты нәтиже бермеді.

Путин сонымен бірге Франсуа Олландпен кездесіп, нәтижесінде үстіміздегі жылдың қазан айында Парижде Донбастағы кикілжіңді реттеу үшін “норманд төрттігінің” кездесуі болатынын жария етті.

Саммит қорытындысы бойынша, “үлкен жиырмалық” биылғы жылы халықаралық сауда тәртібін жеңілдетуге келісті. Бүкіләлемдік банктің квотаны реформалауын және қытай ақшасы юанды Халықаралық валюта қорының сақтық валютасына енгізуді қолдады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз