Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

„Қытайға жер сатты„ деп айыпталған „Бәтуа„ компаниясы өзіне жала жапқандарды сотқа бермек

Компания келтірген дерекке сүйенсек, БАҚ өкілдеріне негізсіз ақпарат таратқан Айдын Егеубаев «Бәтуа» компаниясы құрылғалы бері осы мекемеге келіп жүрген адам екен.

„ Ол біздің компанияға өз достарымен келіп жүрді. Компаниядағы үлесті ешқандай қаржылық кепілсіз беруді сұрады. Оған ешкім келіспеді. Осыдан бастап „Бәтуа„ компаниясына шетел инвесторларынан келіп түскен қаражат оны күндіз күлкіден, түнде түстен айырды. Қажет болса, оның біздің фирмаға келіп жүргенін айғақтайтын бейнежазбаны да көрсете аламыз„  делінеді „Бәтуа„ компаниясының негізсіз ақпаратты жоққа шығару дәйектемесінде.

– Қалай дегенмен де БАҚ та жарияланған материалдар компания қызметін тежеп, тұсау салды. Сондықтан да біз кәсіпкерлік салада атымызды ақтап алу үшін БАҚ-тарды сотқа беруге мәжбүрміз, – Асқар Ізімғалиев.

– Қазір „Бәтуа„ компаниясын 7 мемлекеттік орган тексеріп жатыр. Оған қосылғысы келетіндер тағы табылуы мүмкін. Әрине, мұның барлығы компанияның қызметіне белгілі бір деңгейде теріс әсер етуде, – дейді Тұңғыш сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық„ республикалық ұйымы төрағасының орынбасары Руслан Асылбеков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз