Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ұстаз неге пара алады? Танымал профессор мұның себебін айтты

қарапайым университеттердің оқытушылары қанша алады? Әрине, бұл жемқорлыққа итермелейтін факторлардың бірі ғана»,

– дейді профессор.

Шетелдік сарапшының айтуынша, жемқорлық деген ұғымның аясы кең, оны тек ақша, пара деп тар мағынада түсінуге болмайды.

«Жемқорлық дегенде мен тек ақшаны ғана емес, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, көзқарасын да меңзеп отырмын. Мәселен, егер мен өзіме ұнайтын қызметкерді білімі мен біліктілігі төмен болса да, жоғары қызметке тағайындасам, бұл әділдік пе? Әрине, жоқ. Бәрі еңбекпен келеді. Қанша тер төксең, сонша жемісін көресің», – дейді Александр Ван де Путт.

«Балық бастан шіриді» демекші,

жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін басшылықтан бастау керек,

деп санайды профессор.

«Мен бұл тұста тек университеттерді емес, барлық салаға қатысты айтып тұрмын. Себебі жоғарыдағылар өз қарамағындағы қызметкерлеріне үлгі. Бәрі лидерлерден басталады», – деп түйіндеді сөзін ол.

Айта кетсек, бүгін Астанадағы ҚазГЗУ-да «Академиялық адалдық және университетті басқару» атты ІІ халықаралық конференция ашылды. Іс-шараның мақсаты – академиялық адалдық және жоғары оқу орындарын басқару саласындағы тәжірибемен алмасу, озық халықаралық тәжірибені талқылау және Қазақстанда академиялық адалдықты дамыту үшін жаңа стратегияларды тұжырымдамалау.

Форумға қатысушылар университеттер басшылығының сыртқы және ішкі функцияларына, академиялық процесті басқаруға, сондай-ақ кәсіби ғылыми зерттеулердің мәдениетін қалыптастыруға қатысты бірқатар көкейтесті мәселені талқылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз