Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Ұстап көрейінші…”. Ток-шоуға келген қызтеке Ерлан ренжіп қалды (фото,видео)

1624

15 жасымда алғаш рет ер адаммен жыныстық қатынасқа түстім.

https://kaz.365info.kz/medkolledzhde-okhidy-eken-astanadagy-khazakh-khyztekeleri-18-291422

Содан бастап арманым- әйел болу.Жақында Астана қаласында ота жасатып, толықтай әйелге айналамын. Менің ең үлкен арманым да сол. Дауысымды да өзгертуге арналған ота жасатпақпын. Осыдан кейін үйіме, ата-анама барып көремін, оларды сағынып кеттім. Егер олар мені тағы да қабылдамаса, қайтадан  олардан алыс кетуіме тура келеді»,-дейді Лола.

Еуразия Бірінші арнасындағы «Пендеміз ғой» ток-шоуына қатысып отырған қонақтар осы мәселеге орай екі тарапқа бөлініп, айтысып кетті. Бірі Лоланы түсінуге тырысса, екіншісі оны жазалап, осылайша жаратылысына қарсы шығатындарды көбейтпеу керектігін алға тартты.

Студия қонағы  Лоланың осындай халге түсуіне ата-анасын кінәлады.

« Пайғамбарымыз қызын ұзатқанда күйеу баласына айтқан бір кеңесі бар.  Былай деген: «Сен әйеліңмен қатынасқа түскен кезде оның сіңлісі немесе әпкесі жайлы ойлаушы болма. Сол сәтте сен әйеліңмен емшектес әйел туысын ойлайтын болсаң, дүниеге келген бала еркек құмар болып туады» деген. Сондықтан Лоланың осындай санада туғанына ата-анасын кінәлаймын»,-дейді Ерсейіт Әлім есімді азамат.

https://kaz.365info.kz/atym-serik-astanalykh-khyzteke-ekspoga-kire-almaganyna-khapaly-266650

Ал психологтар болса Лоланы қоғам жабайылықпен емес осы қалпында қабылдағаны дұрыс деген пікірде.”Себебі ол ер адамның денесімен жаратылғанымен, санасы әйелдердікіндей”,- дейді олар.

Лола студияға өте қысқа белдемше мен биік өкшелі туфли киіп келген. Оның иығына дейін түскен жасанды шашын Ерсейіт Әлім ұстап та көрді. Оның бұл қылығы Лолаға ұнамаса керек, Лола жігітті итеріп жібереді. Сол кезде Ерсейіт Әлім бірден қол көтеріп қалды. Осы қылығынан кейін  Лола түсірілім алаңынан кетіп қалды.

https://kaz.365info.kz/syjgen-zhigitim-khyzteke-eken-ademi-anshi-dana-kentaj-270577

Лола жоғары оқу орнында білім алмаған екен. Ол Өскемендегі туыстарымен мектебін тәмамдағаннан соң көріспей кеткен.Астанада ешқандай жерде жұмыс істемесе де, жақсы өмір сүріп жатқан көрінеді.

Себебі ол бағасы 250 мың  доллар тұратын ота жасатуға дайындалып жүр. Әрі қазіргі күнкөрісі мен киім киісі, өзіне жасалатын күтімінің де шығыны аз еместігі көрініп тұр. Лоланың өзі табысын құпия қалдыруды сұрапты-мыс.

Ал бағдарлама жүргізушісі қаладағы көптеген қызтекелер мен еркекшоралар жезөкшелікпен айналысатынын айтып өтті.

Мақала ВК-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқыланып жатыр

Ақпарат көзі: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз