Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Үш сағатта 1000-нан астам сатылым”. Баян Мақсатқызы кітабын сатып жүр.

«Жетістікке қандай қиыншылықтармен жеткені қызықтырады. Шоу бизнестегі идеальный адам ғой, проектілері ұнайды. Содан кейін, келдім», – дейді екіншісі.

«Баян: өзім жайлы ғана емес» кітабы: «Жеке басыма деген қоғамның асқан қызығушылығы — түрлі қауесеттің, қисынсыз ойлардың тууына түрткі болады» деп басталады. Ақталуға емес, қойылатын сансыз сауалдарға мемуарыммен жауап қаттым, — дейді Мақсатқызы. Бүкіл ғұмырын бүкпесіз баяндағанына сендіреді.

«Әке-шешеме, қыздарыма, бұрынғы күйеуіме, өмірімді өзгерткен барлық жандарға алғысым шексіз!» – деп ағынан жарылды продюсер.

Алғыс жаудырғанымен, ешкімді де қаралап, қарғыс айтпаған. Тіпті, өліммен «бетпе-бет» кездестірген экс-жұбайы жайлы да бір ауыз теріс пікір жоқ. Өмірде мансап қуудан өзге де құндылықтар барын Тұрсын Алагөзов ұқтырды, – дейді автор! Бүгінгі маңызды сәтінде де сүйіктісі жанында жүр. Кіші қызы Айару да қолдай келіпті.

«Кітаптан бас алмай, таңға дейін оқып тауыстым. Анамды жақынырақ таныдым. Тіпті, жылап алған сәттерім де болды», – дейді Б. Мақсатқызының кіші қызы Айару Бақытбек.

«Кітапты шығарудың шығынын толықтай Тұрсын көтерді. Мұның арзан тұрмайтынын айтқым келеді. Жалпы, мемуарды жазу барысында Тайландта ол үнемі менің қасымда болды. Оның үстіне, өмір тарихымды, жүріп өткен жолымды оған бұл кітапты жазбай тұрып-ақ өзім айтып бергенмін», – дейді Баян Мақсатқызы.

Баян Мақсатқызы 3 сағаттық сатылымда 1000-ға жуық данасына қолтаңбасын қойып, оқырмандарына табыстады. Ал, 5-ші шілдеден қалған 19 мың тиражы кітап дүкендеріне түседі.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз