Әнші оқырмандарға ашығын айтты.
Динара ажырасып кеткені жайлы ақпаратты ұзақ уақыт бойы жасырып келді, алайда жақында шыдай алмай отбасылық өмірінен сыр шертті.
«Директке күйеуім жайлы сұраған мыңдаған хат келеді. Сондықтан түрлі пабликтер жалған ақпарат таратпас үшін және менің сөздерімді бұрмаламас үшін өзім айтайын деп шештім.
Біз 5 жыл бірге болдық, біздің үш баламыз бар, оларды екеуміз де қатты жақсы көреміз. Бірақ біз соңғы бір жылда бірге тұрмаймыз. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдап, көмектесіп тұрамыз. Біздің қарым-қатынасымыз жақсы, себебі балаларымызға ӘКЕ- АНА болып қала береміз.
Менде және балаларымда бәрі жақсы. Уайымдамаңыздар. Мені бұрыннан танитындар біледі, хайп дегенді ұнатпаймын, сондықтан қалай бар, солай айтып отырмын.
Бұл туралы енді ешкімге пікір білдірмеймін. Түсінгендеріңізге рақмет», – деп жазған Қырықбаева.
Фото: Әлеуметтік желілер