Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ұрысыңдар!». Мирзияев кімдерді түрмеде шірітпекші?

https://kaz.365info.kz/garysh-salasyndagy-baseke-mirziyoev-baskhargan-ozbekistan-khazakhstandy-basyp-oza-ma-302377

Егер шенділердің біреуі жемқорлықпен қолға түссе, сол күні түрмеге тоғытам! Қазірдің өзінде біраз адам темір тордың арғы жағында жатыр. Ана экс-бас прокурор неге тұтқындалды? Өйткені ол ұры!Қазір түрмеде не үшін және қанша ақша алғаны туралы сыр шертуде… Барлығы ұры болған.

Қазір барлық аудандық прокурорлар түрмеде кімге және қанша ақша бергені туралы бұлбұлша сайрап жатыр»,

— деп, мәлімдеді Мирзияев Самарқан облысындағы Пастдаргом ауданында өткізген видеоселектор мәжілісібарысында, деп жазды Asia Terra.

Жазадан құтылмайсыңдар!

«Самарқанда жеті аудан прокурорының әрқайсысы бас прокурорға 35 000-40 000 доллардан берген.Бұл ақшаны олар прокурор лауазымына қол жеткізу үшін төлепті.

Мәселен, айталық, Тайлақ ауданының прокуроры өз орны үшін 40 000 доллар төлесе, ол сол ақшасын қайтару үшін бүкіл Тайлақ ауданын сатып жіберуге дейін барады емес пе?!

Міне, біз осындай жағдайда өмір сүрдік. Бірақ мың бірінші рет қайталаймын: басымдықты заңға береміз, жазадан ешкім құтылмайды. Егер бүгіннен бастап адал қызмет етпесеңдер, ешкімге тыныштық бермеймін», — деді ашуға мінген Мирзияев.

Әр хокімнен 1 млн доллар…

Мемлекет басшысының қолындағы таяқтың бір ұшы хокімдердің де маңдайына тиді.

«Әр хокім ай сайын мемлекет қазынасына бір миллион доллардан тарту керек, әйтпесе, біз олармен қоштасамыз.

Әне әуежай тұр ғой, әр 15 күн сайынКореяға, Қытайға, Малайзияға, Индонезияға барсын, инвестициялар іздесін, инвесторлар тапсын

https://kaz.365info.kz/karimovtyn-musorysyndar-mirziyaev-ne-byldirip-zhatyr-video-305346

Бізге өзі басқаратын аумақты күзететін хокімдердің қажеті жоқ — ол үшін бізде учаскелік инспекторлар, жамағат бар», — деп жазады президент сөзін келтірген басылым.

Сондай-ақ Мирзияев өз сөзінде инвесторлардың жұмысына кедергі келтіретін хокімдерді аяусыз жазалайтынын ескертті. Ол жемқорлыққа барған шенділерді сол күні темір тордың арғы жағына тоғытатынын ашып айтты.

«Бұрын біздің қолымыз қысқа болатын, өйткені бізге кедергі келтіргендер болды. Олар бізді айналсоқтап, бір нәрсені тіміскілеп, маңғазданып жүретін. Бұл ащы болса да шындық. А қазір жұмыс істеу керек. Міне, біз сіздерге жағдай жасап жатырмыз. Бірақ әркім өзіне артылған жұмысты атқарып, өз қотырын өзі қасуы керек», — деді сөзін қорытындылаған мемлекет басшысы.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы 2-тамыздағы видеоселектор мәжілісі барысында Шавкат Мирзияев пркуратура қызметін сын тезіне алған еді.

Ол бүкіл елге прокурорлар «ескі мусорлық жүйеден» қалған өзі тойса да көзі тоймайтын «ең бірінші ұрылар» деп, жариялады. Сондай-ақ президент егер жұмысын дұрыс, адал атқармаса, жақында өткен үлкен «тазалаудан» кейін осы ведомстводағы лауазымын сақтап қалған барлық прокурорларды қызметтен қуатыны туралы ескертті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз