Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қырымды Донбасқа айырбастайық”. Савченко шатаса бастады ма?

Савченконың айтуынша, Раданың кей депутаттары қаншалықты атой салғанына қарамастан, жарты аралдан бас тартатын уақыт келді. Өйткені, Қырымның кебін Донбасс кимеуі керек.

Ертеректе Украина президенті Петр Порошенко Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпиннен Қырым мен Донбасты қайтаруға көмектесуді сұраған еді.

Савченконың әлгі мәлімдемесінен кейін Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков ресейлік аймақтардың, соның ішінде Қырымның мәртебесі талқыланбайтынын кесіп айтты.

«Бұл мәселе Ресей Федерациясы үшін талқыланбайтын тақырып. Әсіресе, елдің өңірлерінің мәртебесін ешкіммен талқыға салмаймыз», — деді Песков. Осылайша, Песков Савченконың Украина билігіне Қырымнан бас тартып, Донбасты алу туралы ұсынысына келіспейтінін білдірді.

Сонымен қатар, Кремльдің ресми өкілі Ресейдің Украина оңтүстігіндегі ахуалды реттеуге күш салып жатқанын айтты.

Дереккөз: egemen.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз