Қырымның халқы шешім қабылдап, Ресейге қосыламыз деп дауыс берді, енді бұл мәселе талқыланбайды.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумның пленарлық отырысында мәлім етті деп хабарлады Интерфакс.
“Бұрынғы жүйеге қайта оралу деген жоқ. Ол ешқашан болмайды” деп кесіп айтты Владимир Путин.
Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылдың 16 наурызында өтті. Ол кезде жартылай аралдың Ресейге қосылуын жақтап, референдумға қатысқандарының 95 пайызы дауыс берген. Украина мен Батыс елдері мұны аннекция деп атады. Сондықтан АҚШ пен Еуропалық одақ Ресейдің бірқатар компанияларына санкция енгізді.
“Қырым Ресей территориясының бір бөлігі болып табылады. Оны даулау мәселесін біз қарастырмаймыз” деп мәлімдеген еді биыл ақпан айында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев.