Алматы-Бішкек тасжолының 29-шақырымында (Алматы облысында) полицейлер Lada көлігін тоқтатып, көліктің жүксалғышын ашқанда онда бір ер адамның байлаулы жатқанын көреді.
Бұл оқиға 26-сәуірде кешкі уақытта болды, – деп жазады Рatrul.kz.
Полицейлер Маңғыстау нөміріндегі көлікті тоқтатып, құжаттарды тексере бастағанда жүргізуші ақ тер көк тер боп, күйгелектенген. Бұдан секемденген жол инспекторлары көлік ішінде отырған азаматтардың құжатын тексеруге көшеді. Бір кезде олар тұншыққан бір дыбысты естиді. Бірден жүк салғышты ашуды сұрайды, ал одан қол-аяғы байлаулы бір ер адам шығады.
Тұтқында болған адам олармен таныс екенін айтып отыр. Оларда ортақ жұмыс болған екен. Бірақ нақты немен айналысқандарын нақтыламады. Мүмкін, ақшалай қарыздары бар.
“Ер адам Nexia көлігіне жанармай құйып жатқанда тұтқындалған. Таныстары оны салонға итеріп кіргізіп, тау жаққа алып кеткен. Сол жақта оны соққының астына алған. Содан оны жүксалғышқа салып, Шымкентке қарай алып кетпекші болған”, – деді басылымдағылар.
Енді полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.