Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұрланған 1,3 миллион доллар Швецария банкінен табылды

Сөйтсе, қаржы М. Абдралиевке тиесілі екен, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. М. Абдралиевке “Қорғас ісі” бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шет елде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектесті деген күдік келген

Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдап, биылғы 29 наурызда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды.

Одан басқа, бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында “ТАТ Кредит” ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынғаны айтылады. Осыдан кейін прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдаған.

Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 миллионнан аса АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленген.

Айта кетейік, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз