Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Үрімшіге барамын”. Вице-министр Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізуге баратынын айтты

Оның айтуынша, Қытай билігі қазақтарды тұрақты тіркеуден шықпағаннан кейін елге жібермей отыр.

“Қытайдан келген қазақтар жеңілдікпен азаматтық алатын болды, одан кейін олар Қытай елшілігіне барып, төлқұжаттарын тапсыратын. Ал енді Үрімші жаққа қайтып барған кезде олар тұрақты тіркеуден шықпағанына байланысты қамалып отыр. Өйткені олар тұрақты тіркеуден шықпағаннан кейін қосымша әлеуметтік төлемдерді алып отыр екен. Осыны себеп қылып жергілікті үкімет тыйым салып жатыр. Осындай мәселелер туындауда”, — деген вице-министр қазақтардың мәселесін талқылау үшін Үрімшіге ресми сапармен баратынын жеткізді.

“Расында да, біз жеңілдіктер жасаған кезде оны жан-жақты қарауымыз керек. Сол елдегі талаптарға қайшы келмейтіндей жасауымыз қажет. Бұл мәселе бойынша Қытай үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ертең мен Үрімшіге шықпақшымын. Сол жақтағы қазақ диаспорасының мәселесін талқылау үшін ресми сапармен барамын”, — деді сыртқы істер министрінің орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз