Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-11
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Үнемдеудің нәтижесі: елордаға инвестициялар екі есе азайды

301

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың азайғаны туралы елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Премьер-министр Асқар Маминнің сұрағына жауап бере отырып, Нұр-Сұлтан басшысы қалада ауқымды іс-шаралар өткізбесе, онда оған салымдарды да күтудің қажеті жоқ екенін іс жүзінде мойындады.

“Бізде инвестициялар құрылыстағы көрсеткіштердің 43%-ға төмендеуі есебінен екі есеге азайды.

Өткен жылы ірі жобалар аяқталды, оның ішінде халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) жасақтау үшін ЭКСПО павильондарын қайта құруға 20 млн теңге бөлінді

Биыл мұндай ірі жобалар жоқ. Соңғы екі жылда қалада 12 ірі нысан пайдалануға берілді, ал биыл тек төрт ірі жоба жүзеге асырылуда”, — деп атап өтті Сұлтанов.

Сонымен қатар, инвестициялар көлеміне Astana LRT құрылысын тоқтата тұру да әсер етті. Жер үсті метросының құрылысын 2020 жылдың жазында аяқтау жоспарланған. Жалпы, жер үсті көлігінің жобасына 18 станция, 19 жылжымалы құрам мен Астана халықаралық әуежайы ауданында орналасқан депо кіруі тиіс.

Алайда, жобаны кейінгі шегерілді. Сонымен қатар, Сұлтанов атап өткендей, әкімдік үкімет және Ұлттық банкпен бірге инвестициялық жобалар бойынша қаржыландыру мәселелерін пысықтауда.

Көшбасшыдан ортаншыға

ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Нұр-Сұлтандағы негізгі капиталға салынған инвестиция 79,4 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында 151,7 млрд теңге болған еді. Жалпы — 47,6% төмендеген.

Бір жыл бұрын елорда тек Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жол беріп, жұмылдырылған қаражат көлемі бойынша Қазақстанда үшінші орында болды. Қазір Нұр-Сұлтан тек 9 орында. Елордаға қарағанда көп ақша мына қалаларға салынады:

• Атырау облысы (1 трлн теңге)
• Алматы (131 млрд)
• Қарағанды облысы (109,8 млрд)
• Шығыс Қазақстан облысы (101,3 млрд)
• Батыс Қазақстан облысы (91,9 млрд)
• Алматы облысы (86,1 млрд)
• Қызылорда облысы (84 млрд)
• Маңғыстау облысы (81,1 млрд)

ОҚО-на инвестициялар үш есе төмендеді

Алайда, Нұр-Сұлтан — инвестициясы төмендеген жалғыз аймақ емес. Ақмола облысы да осы қатарда (-3,2 млрд теңге немесе 7,9%). Алайда, бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмылдырылған қаражат көлемі айтарлықтай қатты қысқарды. 2018 жылдың қаңтар-наурызында ол 207,3 млрд теңгені құрады.

Ал ең үлкен өсім Атырау облысы. Қазақстанның басты мұнай аймағы жұмылдырылған инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді.

2019 жылдың бірінші тоқсанында бұл жерге 1 трлн теңгеден астам инвестиция құйылды – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 22,1%-ға артық

Облыс Қазақстан бойынша барлық инвестициялардың 47,3%-ын қамтамасыз етеді. Бір жыл бұрын 43,1% болған — барлық алып-қашпа әңгімелерге қарамастан, республика мұнаймен пайда табудан бас тартуға әлі асықпайтынының тағы бір мысалы.

Шикізатқа ақша

Мұнай (басқа да пайдалы қазбалармен қатар) инвестициялар үшін басты магнит болып қалады. Жалпы тоқсан ішінде тау-кен өнеркәсібіне 1,2 трлн теңге инвестицияланды. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда үштен бірге артық. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі сектордың үлесі 56%-дан асты. Бір жыл бұрын көрсеткіш айтарлықтай қарапайым болды – 47%.

2019 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 150,6 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 44,5%-ға азайды. Осылайша,

республикада қосымша құны бар тауарлар өндірісіне қарағанда пайдалы қазбаларды өндіруге 8 есе көп қаражат салынады

2018 жылдың қаңтар-наурызында айырмашылық тек 3 есе болды. Шикізаттық тәуелділікті жою үшін жағдай дәл керісінше болуы қажет.

Жалпы, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 2 трлн 126,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы қаңтар-наурыз көрсеткішінен 11,1% артық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз