Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Ұлы пандемияға орай жаңа ЖЭО салуымызға болар еді, бірақ… – Наурызбаев

387
Әсет Наурызбаев, фото caravan.kz сайтынан алынды

Бастапқыда таңдап алынған “Самұрық-Энерго” АҚ-ның ЖЭО-2-ні қайта қалпына келтіру жобасы 98 млрд теңге көлемінде шығын кетеді деп болжады. Алайда құжаттаманы әзірлеу барысында жұмыстардың бастапқы құны 131 млрд-қа дейін өсті. “Алматы электр станцияларының” басқарушы директоры Серік Қалиев жобаның қымбаттауын “жабдық құрамының және басқа да іс-шаралардың нақтылануымен” түсіндірді. Яғни, алматылықтардың көптен бері күткен жаңалығы әлі де белгісіз мерзімге кейінге қалдырылуда.

Біртүрлі серіктестік

Қайта құрудың таңдалған нұсқасын бірнеше рет сынға алған экономист Әсет Наурызбаев болып жатқан оқиғаны айқын сыбайлас жемқорлық деп атады.

– “Алматы электр станциялары” басшылығының нақты қандай түсіндірмелері бар? Болып жатқан жағдайға қатысты не ойлайсыз?

– Мен о баста айттым, бұл іс ақшаны жымқыру амалына өте қатты ұқсайды. Мүлдем жаңа заманауи станцияның құны 400 миллион доллар тұрады, ал жоба авторлары таңдаған станцияның құны 300 миллион долларды құрайды. Оған қоса толығымен емес, тек жартысы, тіпті одан да аз. Ақшамен бұл жаңа станцияның 30-35%-ы, жұмыс көлемі бойынша –  40%-ы.

Барлық жоба Барнаул қазандық зауытының қатысуына негізделген. Себебі жаңа станция салу кезінде ірі еуропалық өндірушілермен ынтымақтасуға тура келеді.

Ал еуропалықтармен бұлыңғыр жоба туралы келісу қиынырақ. Барнаулдықтармен – оңайырақ. Сондықтан бұл қисық жобадан сыбайлас жемқорлықтың ізі байқалады

Қазір оның мәні жоқ екені айқын болды, ол үшін ақшаны бізден алынады.

— Оған қоса оның қашан іске асырылатыны белгісіз ба?

– Иә. General Electric 9 ай ішінде жабдықты жеткізуге кепілдік береді. Біздің менеджерлеріміздің жайбарақаттығын ескере отырып, мұндай станцияны екі жылда салуға болады. Яғни, 2023 жылға қарай, егер біз қолайлы жобаны таңдасақ, онда толығымен жаңа станцияға ие болар едік. Қайта жаңартудың қазіргі нұсқасы әзірге станцияны 2025 жылға дейін қолданысқа беруге уәде етуде. Егер бәрі жақсы болса. Бірақ, бұл күмәнді.

Жұмысына екілік

– Қалиев мемлекеттік сараптама барысында жоба бойынша ескертулер туындағанын айтады. Осыған байланысты құжатты бекіту мамыр айына кейінге қалдырылған. Бұл қандай ескертулер және бұл дәлелдердің барлығы қаншалықты қисынды?

– Қалиев не айтса да өзі біледі, ал біз фактілерді талқылаймыз. Біріншіден, жоба қымбаттады. Екіншіден, ол қабылданбады. Бұл “ҚазэнергоөнеркәсіпЖИҒЗ” институты жұмысының сапасы қандай екенін көрсетеді.

Институттың екі жылға жуық уақыт жасаған жұмысы сараптамадан өтпей қалды. Бұл үлкен екілік. Дәл осындай бағаны тапсырыс берушіге де қоюға болады, ол біздің есебімізден қуанышын арттырып отыр

Олар алаңсыз отырғанда, Алматыда экологияның нашарлығынан адамдар тыныс алу жүйесінің сырқатына байланысты қайтыс болуда. Неге екені белгісіз, жоба авторлары оның бізге қатысы жоқ деп санайды. Мен бұл олардың тікелей кінәсі деп ойлаймын, өйткені олар ЖЭО-ны газға ауыстыруды мүмкін еместей созып жіберді. Тұңғыш президент 2017 жылы тапсырма берген. Баяғыда-ақ барлығы газбен жылытуға көшуі керек болатын.

– Мамыр айына дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған құжаттаманы әзірлеу болжамды тұрғыдан әлі ұзартылуы мүмкін бе? Және 131 млрд теңге түпкілікті баға ма?

– Әрине, мүмкін. Баға да өсуі мүмкін. Себебі әзірлеушілерге берілген мерзім де, құны да шектелмеген. Әлемдегі осыған ұқсас ұлттық компаниялар қалай жұмыс істейді? Олар толық бітіріп беруге тендер жариялайды және онда орындаушының баға бойынша да, мерзімі бойынша да міндеттемесін жазады. Бұл шарттарды сақтамау ақшасының қысқаруына әкелуі мүмкін. Біздікілер уақытын да созуға, ақшасын да ұлғайтуға дайын.

 Энергетиканың сауын сиыры

— Менің ойымша, “Таза ауа үшін” жалпы қалалық шеруі ғана біртүрлі жобадан бас тартып, қалыпты шешім қабылдауға мәжбүр ететін тәрізді.

Мен заманауи әдемі ЖЭО салып, оны тұңғыш президенттің есімімен атауды ұсындым. АҚШ-тағы Гувер бөгетіне ұқсас

Ұлы күйзеліс кезеңінде салынған ол бөгет ерекше құрылымға айналған.

Ұлы пандемия кезінде біз ұзақ жылдар бойы заманауи электр станциясын салуымызға болар еді

Бірақ бұл дәлел де қисық жобаның лоббистеріне әсер етпеді. Барлығы біздің ақшаларымыз олардың қасынан өтіп кетпеуі үшін жасалуда. Біз ондаған жылдар бойы қисық станция үшін жоғары тарифпен төлейміз, ол мезгіл-мезгіл бұзылып, тағы кезекті ақшалай қаражатты жейді.

Бұл жерде Энергетика министрінің жеке өзінің шешімімен электр энергиясына тарифті 15%-ға көтерген соңғы “сыйлығын” есіме түсірейін. Бұл тұтынушылардың шығындарын жылына 150 млрд теңгеге арттырады. Өйткені,

мұндай жағдайлар біраздан бері Қазақстанда энергетика министрінің кабинетінде жеке келіссөздер арқылы шешілетін болған

Мысалы, мен энергия өндіретін кәсіпорындар басшыларының АҚШ-тың қандай да бір жағалауындағы керемет өміріне ақы төлегім келмейді. Ал, бізге тарифтерді тозған шаруашылықты жаңғырту қажет болғандықтан өсті дейді. Оған қоса бұған жұмсалатын ақша олардың өсуіне дейін де тарифтерге қосылған!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз