Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұлттық орталық Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен тестілеуге енгізілгенін түсіндірді

Сұрақ былай берілген:

Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

А) Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін

В) Ермек Тұрсыновтың фильмдерін жарнамалау үшін

С) Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін Д) Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

Е) Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін.

Атышулы продюсер мен комедиялық әртіс жайлы тест сұрақтары қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан “Оқу сауаттылығы” атты пәннің ішінде жүр. “Біз мұны білдік осындай болатынын. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіндердің қызығушылығын көтеру үшін. Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақ та бар. Олар кинематография, кино саласы дамуы туралы өзінің ой-пікірін көрсеткен”, – деп түсіндірді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов. Ал небәрі 8 күннен кейін түлектерден тест тапсыруға өтініштер қабылдау басталады. Бұл сынақ бұрынғы сынақтан өзгерек болмақ. Мектеп бітірушілер міндетті үш пән – “Математика сауаттылығы”, “Қазақстан тарихы” және осы шоу-бизнестен сауатын ашатын “Оқу сауаттылығы” пәндерінен, сондай-ақ өздері таңдаған екі пәннен сынақ тапсырады.

tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз