Қараша айында Ұлттық қор активтерінің өсімі қазан айындағы шығындардан екі есе аз болды.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында қор активтері 1%-ға немесе 260,4 млрд теңгеге төмендеді. Қазан айында Ұлттық қор тағы 1,2% немесе 325,3 млрд жоғалтты.
Қарашада 0,5%-ға немесе 128,2 млрд-қа өсті. Нәтижесінде 1 желтоқсанда Ұлттық қордың активтері 27 трлн. 164,8 млрд теңгені құрады.
қор $1,2 млрд немесе 500 млрд-тан астам теңге жоғалтты
Күздің соңғы айында Ұлттық қорға түсетін түсімдер айтарлықтай — 16,5%-ға немесе 439,7 млрд теңгеге өсті. Мұндай айқын ілгерілеудің көзі мұнай ұйымдарының тікелей төлеген салықтары болды. Олардан түсетін түсімдер қараша айында 40,7%-ға немесе 650,6 млрд теңгеге артты. Осы ұйымдардан түскен басқа да түсімдер айтарлықтай – 13,9%-ға 7,4 млрд.теңгеге дейін өсті.
Республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер қараша айында тек 1,4%-ға 8,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан – 17,8% –159,3 млн. теңгеге дейін өсті, ал Үкімет айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер қазан айындағы деңгейде қалды.
Бірақ заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер бойынша айтарлықтай өсім қалыптасты — 32,7% – 20,3 млрд. теңгеге дейін.
Ал Ұлттық қордың шығыстары қараша айында түсімдермен салыстырғанда аз дәрежеде — 8,1%-ға 4 трлн 145,2 млрд теңгеге дейін, ал абсолюттік мәнде 311,4 млрд теңгеге өсті.
Бұл ретте қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттер 6,2%-ға 2 трлн 573,9 млрд теңгеге дейін, нысаналы трансферттер — 11,4%-ға 1 трлн 557,5 млрд теңгеге дейін, ал Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстар – 12,2%-ға, 13,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
ҚР Ұлттық қорының түсімдері және оны пайдалану туралы 2021 жылғы 1 желтоқсандағы есеп