Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ұлттық ғарыш орталығы қандай инновация ойлап тапты?

– Мәселен, қазіргі кезде қандай да бір нысанаға дәл тию үшін 10 зымыранды ату қажет болса, модернизациядан кейін бір ғана зымыранның көмегімен бұл мақсатқа қол жеткізуге болады. Ұшқышсыз әуе аппаратын қолдану да осы секілді. Технологиялар күн санап жетілдірілуде. Яғни кез келген операцияларды ол жерге сарбаздарды аттандырмай-ақ, алыс қашықтықтан жүзеге асыруға болады. Бұл құрылғылардың кейбір құрамдас бөліктерін ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде әзірлеу көзделіп отыр. ТМД-дағы теңдесі жоқ жалғыз өндіріс ошағын келер жылы ашу жоспарланған, дейді ҚР Аэро-ғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ғылыми-технологиялық даму департаментінің басшысы Әсет Байсынов.

Отандық аэро-ғарыш саласының игілігі үшін елімізде 3D технологиясы бойынша жоғары технологиялық өнім шығаратын Қазақстан мен Францияның бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Кәсіпорынның бас директоры Айберген Русланұлының айтуынша, кәсіпорындағы қазақстандық ғалымдар жерсеріктерге арналған бір ноу-хау технология ойлап шығарыпты:

«Біз 3D принтерінде титан және алюминий сияқты ұнтақ материалдарды селективті балқыту әдісін қолдана отырып бөлшектер шығарамыз. Біз мұнда конструкторлық бюро инженерлерінің идеяларын жүзеге асырамыз. Жерсеріктерге арналған тағы бір ноу-хау қазір сынақтан өткізіліп жатыр. Оны өзіміздің ғалымдарымыз ойлап тапты».

– Келешекте бұл бөлшек қазіргі панельдердің орнын басады. Қазіргі уақытта пайдаланылатын панель 3 бөліктен, 2 қабырғадан және панельдің өзінен тұрады. Ал, біз ұсынып отырған бөлшектің монолитті құрылымы өте берік. Оның салмағы да рұқсат етілген шектен аспайды. Айта кетерлігі, қазақстандық жерсеріктердің пайдалану ауқымы өте кең. Олар еліміздің ауыл шаруашылығы саласында да белсенді қолданылады. Бұл аппараттар Жерді қашықтықтан зондтауға мүмкіндік береді. Осылайша еліміздегі астық жинау науқанын ғарыштан қадағалауға болады, – деп түсіндіреді 3D принтинг саласының басшысы Данияр Қақпенов.

Қорғаныс министрлігі мен Аэроғарыш саласының көптеген жетістіктерін тізіп айту мүмкін емес. Себебі олардың көпшілігі құпия дерек болып саналады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз