Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұлттық экономика министрлігі шағын несие беру кезінде шектеу қойылатынын айтты

Бұл туралы Baq.kz хабарлады.

Оның айтуынша, президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын несиелерге бөлінетін қосымша 20 млрд теңге «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы арқылы таратылады. Бірақ бұл несиені беру кезінде азаматтарға арнайы талаптар қойылады.

«Шағын несиелендіруге арналған ақша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға беріледі. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер үшін бір шектеу бар.

Өз кәсібін үш жылдан артық жүргізіп жатқандарға несие берілмейді. Себебі бұл бизнес қалыптасқан. Ал үш жылға дейінгілерге қолдау жасаған дұрыс.

Сондықтан осы топтағы азаматтарға несие беріледі. Ақша алатындардың басқа банктерде несиесі болмауы тиіс. Бұл – барлығына ортақ талап», – деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Осы орайда департамент басшысының орынбасары аталған несиені алып, өз кәсібін ашқан азаматтарға кеңес берді.

«Өз кәсібін бастағысы келетін азаматтарға арнайы дайындықтан өткен дұрыс. Қазір «Бастау-Бизнес» деген жоба бар. Өткен жылы аталған жоба аясында мыңдаған азамат дайындықтан өтті. Олар өздерінің бизнес-жобаларын әзірледі.

Бірақ былтыр біразы несие ала алмаған. Сондықтан биыл біз сол азаматтардың жобаларына басымдық береміз», – деді Шыңғыс Аxметов.

Осы орайда Шыңғыс Аxметов бизнесті жаңа бастаған азаматтарға мемлекет кепілдік беретінін атап өтті.

«Несиенің көлемі 19 млн теңгеге дейін жетеді. Ал несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 проценттен аспауы тиіс. Бизнесті алғаш рет бастайтындар үшін мемлекет кепілдіктің 85 процентін береді. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің несиесіне 50 проценттік кепілдік жасалады.

Қалада «Даму» қоры кепілдік берсе, ауылдық жерлерде «ҚазАгро» xолдингі кепілдік жасайды. Мемлекеттің ақшасы да қаржы ұйымдары арқылы бөлінеді», – деп түйіндеді сөзін ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын несиелендіруді кеңейту міндетін қойған. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы шағын несиелерге қосымша 20 млрд теңге бөлуді тапсырды. Осылайша, шағын несиелендіру көлемі 62 миллиардқа артқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз