Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Ұлттық басымдық идеялары неге алып келді. Камбоджадағы «ажал жазығы» (18+)

727

Өзінің туған халқын бірінші және екінші сұрыпты, таза және таза емес, болашағы бар және «ескінің қалдығы»  деп бөлетін адамдар әрқашан болады. Олар көбінесе баскесер болуға дайын тұрады. Көп жағдайда болады да. Адамзат тарихының ең қанды да, қасіретті парақтарын осындай білгіштер жазған. Ұлтшылдықты сылтауратып, «таза», «шала-» деп бөле беруге болады. Қазіргі кезде осындай ұранды көтеріп жүретін адамдар қоғамдық өмірде трендке айналып кетті. Біз ұлтшылдықтың ақыры неге апаратынын және оның құны қандай болатынын еске түсіруді жөн көрдік. Камбоджа секілді екінің бірі біле бермейтін елден бастайық. Біреулер халықты бөлсе де бұл ел аса танымал емес.

«Ажал жазығы», Пномпень, Камбоджа

Мұнда «Ажал жазығы» өте көп, соның бірі ел астанасы  Пномпеняға жақын маңда орналасқан. Бүгінде ол туристер көп баратын жер. Аураға сенбеуге болады,  бірақ онда кейбір туристердің басы айналып, жүрегі айниды. Өлім аурасы физикалық түрде сезіліп тұрады. Мұнда өлтірілгендердің саны ондаған мыңға дейін жетеді, жаппай көмілген қабірлерді қазу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қалдықтар мұқият жиналады… олардың бір бөлігі жартылай әйнекпен жабылған мұнараға қойылады.

Ажал жазығы құрбандарының ғибадатханасы. Сурет — Н. Халабузарь

Әр қабатқа әйелдердің, балалардың, ер адамдардың бассүйектері қойылған… Буддалық ел үшін бұл қаза болғандарға құрмет болса, бүкіл әлем үшін адам шошырлық көрініс.

Ажал жазығының құрбандары. Сурет — Н. Халабузарь

Ажал жазығының құрбандары. Сурет — Н. Халабузарь

Тарихқа көз жүгіртейік. 1975 — 1979 жылдардың аралығында Камбоджада «қызыл кхмерлер» билік етті. Идеология мәселесінің түп-тамырына бармай-ақ қояйық. Олар қолдарына қару алып, Комбоджаны өркендеген елге айналдыруға кедергі келтіретін, есінің қалдығы болған адамдардан құтылу керек деген шешімге келді. Ескі білім, ескі өмір сүру салты, ескі ойлау жүйесі… Олардан құтылатын болсақ, жаңа, керемет әлем құруға болады деп есептеді! Сол сәтте-ақ осы жолдағы дамылсыз жұмыс басталып кетті…

Ажал жазығындағы шұңқырлар арық түрінде салынды

Пол Пот «Қызыл кхмерлердің» көшбасшысы болды. Ол адамзат тарихындағы ең қандыкөз диктатор. Ол өлтірген адам саны жағынан Гитлерден асып түсе алған жоқ. Түрлі есептеулерге сәйкес, Пол Пот өз халқының төрттен бір бөлігін, кей деректерде үштен бір бөлігін жойып жіберген деген ақпарат бар. Ешбір басқа диктатор бұндай қастандық жасамаған. Ол адамрдарды өз түсінігіне қарай бірнеше топқа бөлген.

Пол Пот

Теріс адамдар

Ешкімді аяған жоқ, олар

  • бұрынғы үкіметпен байланысы бар;
  • шетелдік үкіметке қатысы бар;
  • зиялыларға қандай да бір қатысы бар, яғни ескі білімнің өкілі болса;
  • байырғы тұрғындарға қатысы жоқ болса (вьетнамдықтар, чамдар);
  • өзінің діни сенімін жасырып ұстамаса (христиандар мен будда монахтары)

олардың бірін қалдырмай өлтірген.

Автоматтан бастап, найза мен тасқа дейін

«Ажал жазығы» жаппай өлтіру орны болғандықтан, қинау мен азаптауға уақыт болмады. «Өлім өндірісі»  жылдамдықты қажет етті. Бастапқыда ату жазасын қолданса, кейіннен қате ұстанымдағы адамдардың көп, ал оларды ататын оқтың аз екені белгілі болды. Ұшы үшкір таяқтар, тастар мен кетпендерді пайдаланды. Бұл атқанға қарағанда қиынырақ және лас жұмыс еді. Сондықтан қазірге дейін «Ажал жазығында» өсетін ағаштарға колонкалар іліп, құрбандардың дауысы естілмеуі үшін музыканы бар дауысымен қосқан. «Өндірістік» процесс қайнап жатты, музыка таң сәріден, түн жарымға дейін қосылып тұрды.

Ажал жазығындағы музыкалық ағаш

 «Қызыл кхмерлер» неге қол жеткізді?

Еш әсірелеусіз айтқанда, ел аумағы қанға малынды. Вьетнам әскерлерінің басқыншылығы бұл режімді жойды. «Қызыл кхмерлердің» қалдығы ну ормандарға тығылып, бұдан кейін көп уақыт бойы елді террорлады. Жаппай шабуыл туралы соңғы дерек 1999 жылы болған. Қалай болғанда да, экстремистер саяси құбылыс ретінде өткен күннің еншісінде қалды. Оның салдары қандай болды?

Ел ондаған жылдарға, тіпті жүздеген жылдарға артта қалып қойды. Әр отбасы бұндай тазалаудан кем дегенде бір жақынынан айырылды. 16 млн халық. Қазіргі әлемдегі бір ұлтты мемлекеттердің бірі. Бұл елдің экономикасына қалай да қолдау көрсету үшін (кінәсін сезгендіктен де болар) АҚШ жыл сайын кепілді көлемде киім сатып алып береді. Елде ең төменгі жалақы жоқ, себебі жұмыс жоқтың қасы. Батыс елдері әлі күнге дейін Камбоджаны қайта қалпына келтіру үшін инвестиция салып жатыр. Нәтижесінде аз ақша төлеп, су тегін жұмыс күшін пайдаланып, нарығын жаулауда.

Бұл сұмдықтан алыстау үшін ел тіпті атауын өзгертті. Бүгінгі Камбоджа, 20 ғасырда Кампучия болған…

Камбоджа балалары. Сурет — Н. Халабузарь

Таңқаларлығы осы сұмдық оқиғаның барлығы бір кездегі ұлы кхемер  империясының ұрпағының қолынан шыққан. Мыңдаған жыл бұрын олардың ата-бабалары сол уақыттағы өлшем бойынша ең озық ғимараттар мен храмдар салған. Олардың ішіндегі ең танымалы — Ангкор Ват — адамзаттың мәдени мұрасының асыл қазынасы ретінде бағаланады. Бұл бірегей  жәдігерді салу үшін адамдар бас қосып, еңбек еткен. Ал елді ондаған жылдарға артта қалдыру үшін, бар болғаны елді дұрыс және теріс адамдарға бөлу жеткілікті болды.

Ангкор Ват храмдар кешенінің бірі. Сурет — Н. Халабузарь

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз