Қаржы реттеушісінің еншілес компаниясы “7-20-25” мемлекеттік бағдарламасының операторы қызметін атқарады. Бұл мемлекеттік бағдарлама Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен қолға алынып, қазақстандықтарға арзан ипотекалық несие ұсынады.
Ипотекалық несиені келесі шарт бойынша ала аласыз: жылына 7% пайыздық үстеме, бастапқы жарна көлемі 20%, несиелеу мерзімі — 25 жыл.