Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Ұлттық банк күшейіп, банктерге қырғидай тиіп жатыр – Шаяхметова

Ұсақ әрі орташа банктер ақша тапшылығына ұшырап, сапасыз несие мәселесіне тап келуде. Жалпы, әу баста несиелендірген бизнесі дұрыс болмаса, онда банк те өз-өзін құрбандыққа шалады, тәуекелге бас тігеді. Қандай бизнес-модел өміршең десеңіздер, ол таза табысқа құрылған болуы керек. Проценті, комиссия тұрғысынан алғанда да”, – дейді ол.

Шаяхметова комиссиялық төлем бойынша агрессивті саясатқа жүгінетін кейбір банктердің жайына да тоқталды.

“Егер банк ақшаны айналдырып табыс таба алмаса, соған қарамастан тұтынушыларына жоғары комиссия төлесе, меніңше, оның өмірі ұзақ болмайды. Ондай банктер бар бізде.

Сондықтан банктердің саны қысқара береді. Меніңше, кейбір ұсақ банктер шағын несие ұйымы боп қайта құрылатын секілді”,

– дейді Халық банкі басшысы.

https://kaz.365info.kz/shayahmetova-khytkhara-alady-akhyshevtyn-ornyna-kim-kelgeli-zhatyr-303471

Ол Ұлттық банк құзіретінің артуынан қауіптенетінін де жасырмады.

“Қадағалаушы тарап (Ұлттық банк) талапты күшейтіп жатыр. Олардың біржақты пайымы банк секторына үлкен залал келтіруі де мүмкін.

Өйткені бар билік, бар құзірет солардың қолында ғой қазір. Қалай дегенмен де қазір банк секторы қатты қобалжып отыр. Ұлттық банк тағы не дер екен деп алаңдаулымыз”, – дейді ол.

Ұлттық банк коммерциялық банктерді қалай қадағалайды деген сауалға Шаяхметова былай жауап берді:

“Әр банкте Ұлттық банктің бір-бірден адамы бар. Ол біздің барлық жиналысқа қатысады. Директорлар кеңесі, тіпті акционерлердің жиынына да. Яғни, Ұлттық банк әр банктің ұжымдық органы шешкен барлық шешімді көріп, оның қалай қабылданғанына дейін біліп отырады.

https://kaz.365info.kz/50-myn-tenge-gana-aluga-rykhsat-rbk-banktin-tehnikalykh-defoltkha-yshyragany-ras-pa-284465

Ұлттық банк күшейіп тұр, оның қолынан бәрі келеді. Олар банк төрағасын сайлау туралы шешімді өздеріне де ала алады. Сондықтан әрдайым жоғарыдан қолдау іздеп жатудың қажеті жоқ…”, – дейді Шаяхметова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз