Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ұлттық банк басшысы доллар бағамына қатысты өз ойын айтты

ҰБ басшысының айтуынша, АҚШ-тың Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресейге қатысты салған санкциялары капиталдың РФ-тен шығарылуын күшейтті. Бұл рубль бағамының әлсіреуіне алып келді, яғни ол теңге бағамын қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

«Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімін ұстануды жалғастыруда. Валюта нарығына қатысушылар теңгенің бағамын түбегейлі факторлардың ықпал етуімен шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптастырды», – деді Қазақстан Ұлттық банктің басшысы.

Ақышев соңғы уақытта сыртқы монетарлық талаптардың қатаңдатылуы, геосаяси тәуекелдердің күшеюі және дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы жағдайында теңге бағамы құбылмалылықты көрсетті деп атап өтті. Бұл ретте Ұлттық банктің қалыптасып отырған ахуалға деген реакциясы бейтарап болды.

«Қазақстан Ұлттық банктің өктемдігі барынша аз болды. Біздің валюта нарығына қатысуымыз, мысалы алыпсатарлық операциялар және басқа да іргелі емес факторлардың ықпалына байланысты валюта бағамын күрт тұрақсыздандыратын өзгерістерді болдырмауға бағытталған», – деді бас банкир.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз