Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ұлттық банк 2019 жылы зейнетақы ақшасын қалай жаратты

257

Сыртқы басқаруға 300 млн доллар

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 97,9 млрд теңге мөлшеріндегі зейнетақы активтері сыртқы басқаруда болды. Бұл зейнетақы қаражатының барлық мөлшерінің 0,93%-ы. Жалғыз басқарушы — “Дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары” мандаты шеңберінде жұмыс істейтін Aviva Investors Global Services Limited компаниясы.

Жыл қорытындысы бойынша сыртқы басқарудан түскен инвестициялық табыс 15,09 млрд теңгені құрады

1 желтоқсанда инвестициялық кірістілік көрсеткіші 14,51 млрд. теңгеге дейін төмендеді, алайда сыртқы басқарудағы қаражат айтарлықтай көп болды. Олардың көлемі 213,5 млрд. теңгені құрады (барлық қаражаттың 2%) – айлық өсім 2,2 есеге жуық. Бұл ретте Ұлттық Банктің шолуында да, БЖЗҚ-ның егжей-тегжейлі шолуында да осындай күрт өсімге әсер еткендігі айтылмаған.

Бұл ретте қараша айындағы деректерді жарияланғанға дейін бірнеше күн бұрын LS порталында мынадай жаңалық пайда болды: Ұлттық банк зейнетақы активтерінің 2,8 млрд долларын шетелдік басқарушы компанияларға беруді жоспарлап отыр. Реттеуші мұны

“акциялар мен облигациялар нарығына кірудің қолайсыз сәтінің тәуекелдерін төмендету” деп түсіндірді.

“Бүгінгі таңда Aviva Investors-тен басқа тоғыз шетелдік басқарушы компания таңдап алынды. Олармен инвестициялық келісімдерді мақұлдау мен қол қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы процесс аяқтағанға дейін компаниялардың атауларын хабарлау ерте болып саналады. Сонымен қатар, валюталық қоржынның $2,8 млрд бөлігін ($1,3 млрд – жаһандық акциялар мандаты бойынша және $1,5 млрд — корпоративтік облигациялар бойынша) беру ұсынылады. Процесті биылғы жылдың соңына дейін бастау жоспарланып отыр”, – деп атап өтті Ұлттық Банк.

Шамамен 300 млн долларды құрайтын соманы сыртқы басқаруға аудару осыны меңзесе керек. Алайда, бұл құралдарды кім басқарады, әзірге жарияланбаған.

Ресей мемлекеттік борышынан шығу

БЖЗҚ ақшасы сыртқы басқарушыларсыз-ақ қарыз нарықтарында белсенді айналымда. Қазан айында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына Индонезия мен АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздары сатып алынды. Бұл ретте Перу, Мексика, Бразилия, Филиппин және Ресейдің қолда бар облигацияларының бір бөлігі сатылды. Қараша айында бағалы қағаздармен операциялар жалғастырылды:

  • Индонезия МБҚ нетто-сатып алу — 738,7 млн теңгеге
  • Филиппин МБҚ сатып алу — 1,98 млрд
  • Ресей МБҚ нетто-сату — 60,6 млрд теңгеге
  • Мексика МБҚ сату — 22,6 млрд теңгеге
  • Перу МБҚ сату — 10,6 млрд теңгеге

1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ теңгеріміндегі ресейлік мемлекеттік облигациялардың ағымдағы құны  234,1 млрд-ты құрады. 2019 жылдың соңғы екі айында 175,5 млрд теңгеге қағаздар сатылды. Осы мәлімет бойынша, байқағанымыз,

қазақстандық зейнетақы қоры ресейлік мемлекеттік борыштан белсенді түрде шығып жатыр

Есесіне америкалық облигациялар әлі де алғы шепте. Қараша айында 178,6 млрд теңгеге қарыз қағаздары өтелді, 191,7 млрд теңгеге сатылды, сонымен бірге жалпы сомасы 382 млрд теңгеге жылдық 1,56%-бен жаңалары сатып алынды.

Минус 386,6 млн теңге екі салымда

БЖЗҚ қаражатын шетелдік банктерге салу тәжірибесі жалғасуда. Бірнеше ай бойы миллиардтар әртүрлі ЕДБ депозиттеріне жіберіліп жатыр, бұл ретте мұндай салымдар көп мөлшердегі кірістерге үміті емес емес.

“Шетел валютасындағы бос ақша қаражаты сондай-ақ “А -” төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылған. Бұл ретте бұл инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару аясында жүзеге асырылады”, — деп түсіндірді Ұлттық Банк.

Қараша айында табыстылықты ұстап тұрумен сәл қисық кетті. Мысалы, Bank of Nova Scotia-ға 81,94 млрд теңге салымы өтелді. Қыркүйек айында ашылған кезінде оған 82,18 млрд теңге салынған болатын. Нәтижесінде екі ай ішінде теңгеде қайта есептегенде Қор 241,7 млн. жоғалтты. Bank of Montreal-мен де ұқсас жағдай: орналастыру көлемі өтелгеннен 144,9 млн. артық болды (81,9 млрд.). Мысалы, бір апта ішінде DBS Bank-те 290 млн теңге табыс тапқан.

Қараша айында Bank of Nova Scotia-ға 130,4 млрд теңгеге салым орналастырылды. Отандық валютаның желтоқсан айында нығаюын ескере отырып, теңгеге шаққанда ол да шығынға ұшырауы мүмкін. Жарияланған пайыз — жылныа 1,91%.

“Халық” БЖЗҚ алдындағы қарызды төмендетті

Қараша айында 5 жыл бұрын сатып алынған “Халық банкінің” облигациялары өтелді. Өтеу сомасы — 59,9 млрд теңге. Қалғаны — шамамен 500 млрд теңге, оның жартысынан көп бөлігін 21-22 жылдары өтеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы ЕДБ-да 330 млн теңгеге салымдар бойынша сома өтелді (салым 2016 жылдың сәуірінде ашылды). Өткен айда Қазақстан экономикасына бір рет қана салым жасалды.

“ҚР ЕДБ және “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды несиелеу тетігі (“қарапайым заттар экономикасы”) аясында жылдық 10,75% кірістілікпен 3,9 млрд теңге сомаға “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ облигациялары сатып алынды”, — делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Қазан айында бұл мақсатқа зейнетақы қорынан 1,65 млрд теңге жіберілді.
Ұлттық банкпен дәстүрлі келісім де орын алды. Жалпы 5,2 трлн теңгеге салымдар орналастырылды және алынды. Сондай-ақ қараша айында ҚР Үкіметінің МБҚ 27,8 млрд теңгеге жылдық 9,4%-бен сатып алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз