Атырау облысындағы Жайық өзенінде су деңгейі тағы да көтерілуі мүмкін.
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, жедел штаб гидрологиялық мониторинг мәліметтерін жариялады. Батыс Қазақстан облысы аумағынан судың ағуына байланысты су деңгейі көтерілген. Бұл одан әрі көтеріледі деп болжанып отыр.
«28 сәуірдегі жағдай бойынша Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су келді», – делінген хабарламада.
Десек те, Оралда Жайық өзенінің су деңгейі 2-4 см төмендеген.