Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы аймақ экономикасына 512 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік бермек.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жолдың жалпы ұзындығы – 66 шақырым. Жергілікті билік айналма жол өтетін аумақта орналасқан 700 жер телімі мен жеке үйлерді және өндірістік нысандарды сатып алды.
Бұл жол Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық дәлізіне шығарады. Бүгінде вахталық ауылдар мен асфальт және бетон шығаратын зауыттар орналасатын орындар анықталды.
Аббас Шахин, мердігер компания өкілі:
– Жол құрылысын алдағы сәуір айында бастап мерзімінен екі жыл бұрын аяқтаймыз. Үлкен Алматы айналма жолы 2021 жылы пайдалануға беріледі. Оған тартылатын жұмыс күшінің 90 пайызы жергілікті тұрғындар болады.