Кешьдің экс- әншісі Кәмшат Жолдыбаева образын түбегейлі өзгертіп, жанкүйерлерінің таңдайын қақтырды.
Әншінің жанкүйерлері Кәмшатты ұзын шашты, сүйкімді, нәзік түрде көріп үйреніп қалған еді, алайда бұл образдан әнші жалығып кеткен секілді. Жолдыбева басқа имиджде, басқа қырынан танытты.
Сонымен, Инстаграмға жариялаған суретінде әнші денесін көрсететін шытыр боди киіп,иығына күлгін түсті пальто ілген .
Алайда, оқырмандары киген киіміне емес, әншінің түріне көп көңіл бөлген. Оның тым қысқа шаш үлгісі елді таң қалдырғандығы рас. Алайда, көбісі оны алдамшы парик деп сенуде.
Кәмшаттың бұл образын Лидо мен Сати Казановаға ұқсатқан екен желідегілер. Бірақ, көбісіне мұндай Кәмшат ұнамаған секілді.
“Шашымен не істеген?” , “Шашы қайда?”, деп жазып жатты желідегілер.