Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Үкімет бензин құнының негізсіз өсімі мен тапшылықты болдырмас үшін шара қабылдады

Бұл шешім нарыққа қатысушылардың жанармайды импорттауға қатысты жұмыстарының белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, энергетика министрі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ төрағалары, жанар-жағармай бекеттерінің ірі желілері, ірі жанар-жағар майды көтерме саудалаушылар қатысқан жиында өндіру және тұтыну теңдігіне қарай қазан айында 120-150 мың тонна көлемінде АИ-92 маркілі бензин импорттау көзделіп отырылғаны аталып өтілді.

Ол көлемнің 100 мың тоннасы ірі желілер үлесіне тиесілі. Басқосуда компанияларға белгіленген жоспарға сай импортты қамтамасыз ету, зауыттарға жанар-жағармай қоры төмен аз бекеттерге жөнелтуге басымдық беруге ұсыным жасалды. Энергетика министрлігі РФ-ның Энергетика министрлігі арқылы АИ-92 маркілі бензин импортына қажетті өзара іс-қимыл жасасуды жалғастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз