Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Үкімет басшысы: қазіргі уақытта ет экспортын арттыруға мүмкіндік бар

Дегенмен де, кезінде 2010-2016 жылы сыртқа 60 мың тонна ірі қара мал етін экспортқа шығарамыз деп міндеттеме алған болатынбыз. Бірақ ол міндеттеме түрлі себептермен орындалмады», – деп тоқталды Үкімет басшысы.

Сонымен қатар ол Елбасының тікелей араласуымен Қытайға жылқы еті мен қой етін кіргізуге барлық кедергілер жойылғанын, БАӘ тарапынан ірі қара мен ұсақ мал етін кіргізу кедергілері алынып тасталғанан атап өтті. Қытаймен арада осы ірі қара мал бойынша жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

«Қазіргі уақытта малдың санын көбейтіп, экспортқа шығаруға мүмкіндік бар. Нарық ашылып жатыр. Сол себептен Сіздердің бүгінгі баяндамаларыңызда көрсетілген жоспарлы іс-шараларды құзыретті органдармен келісіп пысықтап алу керек», – деп тапсырды Б. Сағынтаев.

Сөз соңында Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне жем-шөп мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырды. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында «2018-2027 жалдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы таныстырылды.

«Ауылдық жерлерде жалпы ел тұрғындарының 50 пайызы өмір сүреді және тіршілік етеді. Бұл дегеніміз, ауыл тұрғындарының басым көпшілігі осы бағдарлама аясында жұмыспен қамтылады. Бағдарламаны жүзеге асыру жаңа мал өсіруші-фермерлер класын құруға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында фермерлік шаруашылықтардың санын 20 мыңнан 100 мыңға дейін өсуін, ауыл тұрғындарына жұмыс орындарын 100 мыңнан 500 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік болады», – деді Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев.

Сонымен қатар ірі қара мал санын 7 миллионнан 15 миллион басқа дейін көбейтуге, сиыр және қой еті өндірісін 600 мың тоннадан 1,6 млн тоннаға дейін арттыруға, экспорттан түсетін пайда көлемін 2,4 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға, 1 жұмысшыға еңбек өнімділігін 1000 АҚШ долларынан 8000 АҚШ долларына дейін өсіруге негіз болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз